GGG соңғы кездесуін 8 маусым күні өткізді
Британиялық промоутер Эдди Хирн қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегін күзде өткізетінін жариялады.
«Хирн Головкиннің шаршы алаңға 5 қазан күні Лос-Анджелесте оралатынын» айтты деп жазады белгілі журналист Майкл Бенсон твиттерде.
Еске салсақ, Хирн әйгілі DAZN стримингтік сервисімен 2018 жылы наурыз айында келісімшарт жасасқан. Головкин де аталған сервиспен жұмыс істейді. GGG соңғы кездесуін 8 маусым күні Нью-Йоркте Стив Роллсқа қарсы өткізіп, канадалықты нокаутпен жеңген еді.