Алматылық команда сырт алаңда да гол соға алмаған
Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында израилдік "Хапоэль" клубымен қарымта матч өткізген "Қайрат" Алматыда 1:1 есебімен тең ойнап, Еуропа лигасынан шығып қалды.Сырт алаңда өткен алғашқы матчта алматылық клуб 0:2 есебімен жеңілген еді. Шпилевский шәкірттері өз алаңында да қайрат таныта алған жоқ.
Ойынның 40 минутында "Қайрат" қорғаушысы Раде Дугалич гол соғып, жанкүйерлерге үміт отын сыйлаған. Алайда "Қайрат" осы басымдықты сақтап тұра алмады. Екі рет сары қағаз алып алаңнан қуылған Елдос Ахметов командасын қиын жағдайға қалдырып кетті.
Ал 63 минутта Дугалич тағы бір голдың авторы атанды. Бұл жолы абайсызда өз қақпасына соғып алды.
Әрі қарай 10 ойыншымен қалған "Қайрат" қанша шабуылдағанымен ешбірі нәтиже берген жоқ. Өз клубымыздың ойыны соншалықты жүрмегендігін де айта кету керек. Алматылықтар көрнекті комбинация, сәтті соққы, ұтымды тактикамен де көзге түсе алмады.
Осылайша, "Қайрат" үшінші жыл қатарынан Еуропа лигасының топтық кезеңіне шыға алмады.