«Астана» мен «Санта-Колома» арасындағы алғашқы матч 0:0 есебімен аяқталған еді
Елордалық «Астана» өз алаңында андорралық «Санта-Колома» клубын жеңіп, Еуропа лигасының үшінші кезеңіне жолдама алды.
«Астана-Аренада» өткен матч 4:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді. Алайда бірінші болып қонақтар гол соққан. Жетінші минутта жартылай қорғаушы Энрик Пи мергендік танытты. Бұдан кейін «Астана» тек 24 минутта есепті теңестірді. Бізге гол соққан Пи айып алаңында ереже бұзып, Рунар Мар Сигурьонссон пенальтиді сәтті орындады.
Ойынға 60 минуттан бастап араласқан Марин Томасов 73 минутта гол соғып, «Астанаға» басымдық сыйлаған. Ал 79 минутта дубль жасап, жанкүйерлерді бір серпілтіп тастады. Томасов мұнымен де тоқталмай 94 минутта үшінші, қорытынды голды салды.
«Астана» мен «Санта-Колома» арасындағы алғашқы матч 0:0 есебімен аяқталған еді. Еуропа лигасының үшінші кезеңінде елордалық ұжым мальталық «Валлеттамен» кездеседі. Ойындар 8 және 15 тамызда өтеді.