Негізсіз айып тағыпты

Негізсіз айып тағыпты

Мойынқұм ауданы әкімдігінің Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі 1 285 714 теңге қаражатты негізсіз пайдаланып, оны өтеуге кәсіпкерден талап еткен. Бұл мәселе Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасына «Тараз Гео проект Люкс» ЖШС директоры Шалабай Байділдаевтан келіп түскен арыз негізінде анықталды.

Серіктестік 2019 жылдың 29 мамыры күні Жамбыл облыстық экономикалық сотынан Мойын­құм ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің арыз-талабы бойынша сотқа ша­қыру қағазын алады. Арызда та­лап­кер мен серіктестік арасында «Жұ­мыстарды мемлекеттік сатып алу туралы» жасалған келісім­шарт­қа қатысты қарама-қайшылық мә­се­лесі көтерілген. Талапкердің ары­­зында көрсетілген дәлелде­ме­лер­мен келіспеген серіктестіктің құ­­қығын сотта Кәсіпкерлер па­ла­тасының өкілдері қорғап шықты. Ке­лісімшартқа сәйкес, шарттың жал­пы сомасы 1 миллион теңге жә­не 11 миллион теңге қосымша құн салығынсыз деп көрсетілген. Ал екінші келісімшарттың жалпы сомасы 12 миллион теңгені құрай­ды. «Келісімшарттарда көзделген мін­деттемелер бойынша «Тараз Гео проект Люкс» компаниясы тиісті түр­де жұмысты орындаған. Бұл ту­ралы талапкер тарапынан қан­дай да бір ескертулердің, ха­бар­ла­ма­лардың немесе талаптардың жоқ­тығы растайды және де екі­жақ­­т­ы қол қойылған жұмыстардың орындалғаны туралы актісі іске тіркелген», – дейді Кәсіпкерлердің құ­қын қорғау және әкімшілік ке­дергілерді азайту бөлімінің бас­шы­сы Индира Молдабекова.

«Мемлекеттiк сатып алу тура­лы» заңның 5-бап 2-тармағына сәй­кес тапсырыс беруші тиісті бюд­жет немесе жеке қаржылан­дыру жоспары негізінде мемлекет­тік сатып алуды жүзеге асыру қа­ғи­даларында айқындалған тәр­тіп­пен және нысанда мемлекеттік са­тып алудың жылдық жоспарын әзір­лейді және бекітеді. Аталған тар­мақтың 2,2-тармақшасына сәй­кес Мемлекеттік сатып алудың жыл­дық жоспарында анық­тама­лық­қа сәйкес тауарлардың, жұ­мыс­тардың, көрсетілетін қызмет­тер­дің номенклатурасы, оған қоса мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген, қосылған құн салығы есепке алынбайды.

Биылғы жылдың сәуірінде Жам­был облысы бойынша ішкі мем­лекеттік аудит департаменті мен Мойынқұм ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құ­рылыс бөліміне анықталған заң бұзу­шылықтарды жою және оларға жол берген тұлғалардың жауап­кер­шілігін қарау туралы ұйғарым шы­ғарылған болатын. Ұйғарымда көр­сетілгендей, әкімдіктегі жауап­ты тұлғалардың салғырттығынан «Мемлекеттiк сатып алу туралы» заңы­ның «Республикалық бюд­жет­тің атқарылуын бақылау жө­нін­дегі» есеп комитетінің нор­ма­тивтік қаулысы қатаң бұзылған. Та­раз қаласы бойынша Мемл­е­кеттік кірістер басқармасы ресми жауа­бында серіктестік қосымша құн салығын төлеуші емес екені ту­ралы мәлімдеген болатын. Сон­дай-ақ аталған заңбұзушылық жауап­кершілігі шектеулі серіктес­ті­гі тарапынан емес, жауапты тұл­ғаларының жіберген кемшіліктері сал­дарынан болғанын айтты. Де­сек те, Мойынқұм аудандық құры­лыс бөлімінің мамандары заңна­ма­ның және келісімшарттың жағ­­­дайларын бұза отырып, қо­сым­ша құн салығын қайтаруды әлі де талап етуді жалғастырған. Қалай де­генде де соттың шешімі бойын­ша «Мойынқұм ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құры­лыс бөлімі» мемлекеттік ме­ке­ме­сінің талап-арызы қанағаттан­дыру­сыз қалды.

 

Жамбыл облысы