Грантты бөлесің, рахатын көресің...

Грантты бөлесің, рахатын көресің...

Күні кеше ғана мем­лекеттік оқу гранттарының иегерлері анықталды. Биыл былтырға қарағанда жастарға мол мүмкіндік берілгенімен, тізімнен өз аты-жөнін таппаған талапкерлер де бар. Бұған себеп – түлектердің грант аз бөлінетін мамандықтарды көбірек таңдап, бәсекенің жоғары болғандығы.

Дегенмен олар тегін оқудан әлі де үміт үзбеуіне болады. Енді 5 тамыздан бастап Ұлттық қор есебінен көпбалалы және мем­лекеттік атаулы әлеуметтік кө­мек алуға құқығы бар отбасы­лардың балалары үшін респуб­ликалық трансферттен бөлінген 5000 грант үшін конкурсқа құжат қабылданады.

Көпбалалы отба­сылардың балалары үшін бе­рі­летін қо­сымша білім беру грант­тары қалай бөлінеді? Міне, қазір көпшілікті мазалаған сауал – осы. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары Сұ­лушаш Құрманбекова рес­пуб­ли­ка бойынша бөлінген 5000 грант­тың 460-ы біздің облысқа тиесілі екенін айтты. Оның 72-сі – пе­дагогикалық, 388-і ақпараттық-коммуникациялық техноло­гия­лар, инженерлік, өңдеу және құрылыс, ауыл шаруашылығы және биоресурстар саласына бөлініп отыр.

– Облыс әкімдігі жанынан құрылған конкурстық комиссия берілетін білім беру гранттарын мамандықтар бойынша орна­лас­тыратын жоғары оқу орындарын анықтады. Көпбалалы отба­сы­лардан шыққан мектеп түлектері жергілікті атқарушы органдар өткізетін конкурсқа қатыса ала­ды. Құжат 5-10 тамыз аралығында қабылданады. Қай жоғары оқу орны қандай мамандықтар бо­йынша құжат қабылдайтыны облыстық қоғамдық кеңестің қорытындысына сәйкес белгілі болады. Қорытындысы облыс әкімдігінің және білім басқар­масының ресми сайттарында жарияланады. Құжаттарды ­бел­гіленген оқу орындары қа­был­дайды, – деді Сұлушаш Сәтбекқызы.

Білім гранттары – жастар үшін қуатты әлеуметтік лифт еке­ні сөзсіз. Соның арқасында жыл сайын мектеп бітіретін тү­лектің тең жартысы елімізде тегін жоғары білім алу мүмкін­дігіне ие болып отыр. Бұл қадам оқу мен еңбек процесінен тыс қалғандар қатарының көбейіп кетпеуіне септігін тигізіп отыр. Осы арқылы экономиканың әр саласындағы маман тапшылығы жойылуда. Биыл өңірімізде жер­гілікті бюджеттен еңбек на­ры­ғының қажеттіліктерін ескере оты­рып, жалпы медицина сала­сы­на – 15, агрономия ма­ман­­дығына – 10, аграрлық тех­ни­­ка жә­не технология маман­дығы­на – 5, денсаулық сақтау саласы бойынша резидентураға 9 грант бөлінуі – соның бір көрінісі.

Брифингте облыс әкімінің орынбасары өзгермелі қоғамдағы жаңғыруларды қабылдау үшін сана ашықтығын қалып­тастыру керегіне тоқталды. Жалпы, мем­лекеттің әлеуметтік сая­сатының көп тармағының бірқатары жастарды қолдауға, ана мен ба­ланы қорғауға, отба­сылық құн­дылықтарды сақтауға бағыт­талғаны белгілі.

Биыл өңірімізде жер­гілікті бюджеттен еңбек на­ры­ғының қажеттіліктерін ескере оты­рып, жалпы медицина сала­сы­на – 15, агрономия ма­ман­­дығына – 10, аграрлық тех­ни­­ка жә­не технология маман­дығы­на – 5, денсаулық сақтау саласы бойынша резидентураға 9 грант бөлінуі – соның бір көрінісі.

Биыл Жастар жылына орай елімізде жастарға кәсіпкерлікпен айналысуға гранттар бөлінеді. Өз ісін ашамын деген талап­шылдарды қолдау мақсатында облыс әкімдігі өңірлік кәсіп­керлер палатасымен бірлесе оты­рып, жоспарлы жұмыстар жүр­гізуде. 15 мамыр-3 шілде ара­лығында «Бизнес – бастау» жобасымен 437 жас кәсіпкер­лік негізіне оқытылып, 50 жас 230,8 миллион теңге шағын несие алған.

– «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарлама­сы аясында жастардың жаңа бизнес идеяларын іске асыру үшін 3 миллион теңгеге дейін мемлекеттік грант беруге об­лыстық бюджеттен 303 миллион теңге, республикалық бюджет­тен 21 миллион теңге, барлығы 324 миллион теңге қаржы бө­лінді. Аталған грант бойынша 1-12 шілде аралығында конкурс өткізілді. Арнайы құрылған комиссия аудандар мен Тараз қаласынан ұсынылған 466 жас­тың жобасын қарап, соның 158-іне грант бөлу туралы шешім қабылдады. Жастар жылына орай «Нәтижелі жұмыспен қам­туды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекет­тік бағдарламасы» шеңберінде жа­ңа бизнес идеяларды дамыту­ға республикалық бюджеттен 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 329 жасқа қайта­рымсыз грант ретінде 166,1 мил­лион теңге қаржы бөлінген. Қа­зір соның 88-іне жаңа жо­ба­ларын жүзеге асыруға 44,4 мил­лион теңге қаржы берілді. Ал­­дағы уақытта осы мақсатқа 800 жас­қа 404 миллион теңге көлемінде қосымша қаржы бөлінеді, – деді облыс әкімінің орынбасары.

Сұлушаш Сәтбекқызы бри­фингте жасөспірімдер тәрбиесі­не қатысты, жеткіншектер ара­сындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарға да тоқталып өтті. Жалпы бұл тақырып құн­дылықтары өзгерген қоғамда өте өзекті мәселеге айналған. Кем­шілік те, олқылық та бар. Де­генмен тиісті сала мамандары жұмысты тиісті деңгейде жүр­гізбей отыр деп кінә арта салудан аулақпыз. Қай кезде де баланың тұлға ретінде қалыптасуына алдымен отбасы, ата-анасы, өс­кен ортасы әсер ететінін ескер­сек, бұл – қоғам болып бірге атқаратын үлкен идеологиялық жұмыс.

Елбасы ұсынған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы сананы жаңғыртып, идеологиялық жұ­мысты бекемдей түсуді көздейді. Өңірімізде бұл бағытта жұмыстар облыс әкімі бекіткен арнайы іс-шаралар жоспарына сәйкес жүр­гізілуде. Бағдарлама «Бә­се­кеге қабілет», «Прагматизм», «Ұлттық бірегейлікті сақтау», «Білімнің салтанат құруы», «Қа­зақстанның революциялық емес, эволю­циялық дамуы», «Са­наның ашықтығы» атты не­гізгі бағыт­тардан тұратыны мәлім.

Осы бағыттардан туын­дайтын «Қазақ тілін латын әліп­биіне көшіру», «100 жаңа оқу­лық», «Туған жер», «Қазақтанның киелі жерлерінің географиясы», «Жаһандағы заманауи қазақ­стандық мәдениет», «100 жаңа есім», «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобаларын іске асыру мақса­тында жыл басында «Рухани жаңғыру» жобалық офисі құ­рылды. Ал «Ұлы даланың жеті қыры» жобасын іске асыру бойынша 21 қаңтарда облыстық іс-шаралар жоспары бекітілген. Соған сәйкес 926 миллион тең­геге 278 мыңнан астам адам қам­тылған 59 жоба, 720 іс-шара (жер­гілікті бюджеттен – 88 мил­лион теңге, демеушілер есебінен 838 миллион теңге) өткізілді.

Сұлушаш Сәтбекқызының айтуынша, облыстың 80 жыл­дық мерейтойы қарсаңында Шах­ристан кешенінде облыс­тық тарихи-өлкетану музейі, көрме павильоны, амфитеатр, қолөнер шеберлерінің гале­реясы, «Руха­ният» орталы­ғының жаңа ғи­мараты, көр­кемдік-бейнелеу өне­рі гале­рея­сын ашу жоспар­ланып отыр екен. Сондай-ақ өңірдің тарихы мен мәдениеті, табиғаты, бір­туар перзенттері мен ақын-жыр­шы, батырла­рының есім­дерін ұрпақ жадында жаңғырту мақсатында «Тараз мұралары» сериясымен көптом­дық шыға­рылмақшы.

– Бүгінгі күні бұл жұмыс 2 ба­ғытта жүріп жатыр. Біріншісі бойынша – 15, екінші бағытта 35 томдықтың материалдары топтастырылып дайындалды. Оның алғашқысы – тарихи-та­нымдылық ғылыми-зерт­теулер. 35 том шығармашылық жұмыс­тарға арналған. Сондай-ақ об­лы­сымыздан шыққан өнер жұл­дыздарының концерті, «Өр­ке­ниеттер тоғысындағы Та­раз» ат­­ты халықаралық ғылыми-прак­­тикалық конференция өт­кі­зу жоспарланып отыр. Бұдан бөлек көптеген іс-шаралар бар, – деді Сұлушаш Құрманбекова.

 

Жамбыл облысы