Адамдар коронавируспен жаппай ауырып, жазылса пандемия тоқтайды – дәрігер

Адамдар коронавируспен жаппай ауырып, жазылса пандемия тоқтайды – дәрігер

Бұл туралы жоғары санаттағы дәрігер, инфекционист, медицина ғылымдарының докторы Ғалия Жұманбаева «Новый Вестник» басылымына берген сұхбатында айтты.

Дәрігер: «Бірақ иммунитет барлық адамда тұрақты, мықты, ұзақ болмай, біздің иммунитетіміз вирустың РНҚ мутациясына төтеп беріп үлгермесе, шамамен үш айдан кейін қайта жұқтыру болуы мүмкін. Салдарынан қайтадан карантин жариялануы мүмкін. Себебі, иммунитет орташа есеппен үш айға шыдайды», – дейді.
Оның айтуынша, вирус адам ағзасында екі жолмен таралады. «Бірінші, бірден тыныс алу жүйесіне түседі. Вирус газ алмасу жолында микротромбтар түзеді де, науқастың қанында оттек оксигенациясына кедергі жасайды. Салдарынан сатурация (оттегі қоры) төмендейді. Екінші, науқас вирус жұтуы мүмкін. Ол кезде асқазандағы қышқылдылықты өлшеу сейілсе, вирус асқазан-ішек жолына түседі. Аш ішектегі пителий жасушаларына үйір болатындықтан, вирус қантамырлар жүйесіне түседі және адам қалтырап, дене қызуы көтеріледі. Оның циркуляциясы полиоргандарды зақымдайды», – дейді дәрігер.