Құрбандық шалуға онлайн тапсырыс беруге болады

Құрбандық шалуға онлайн тапсырыс беруге болады

Аталған сайт арқылы  ешқайда бармай, құрбандық шалуға онлайн тапсырыс беруге болады.  Жұмыстың атқарылу барысы туралы тапсырыс берушіге мағлұмат беріледі. Ең алдымен қазіргі пандемия жағдайында  ешқандай байланысқа түспей, құрбандықты қашықтан шалуға мүмкіндік жасалмақ. Qurban2020.muftyat.kz деп аталатын сайт жақын күндері толығымен іске қосылады. Ал сайтты техникалық бақылау ҚМДБ-ның «Зекет» қорына тапсырылды. Жаңа сайттың тағы бір артықшылығы - мұнда құрбандыққа шалынатын төрт түліктің бағасы көрсетіледі. Сол жерден қажетті малды таңдап, тапсырыс бере аласыз. Ал сойылған малдың еті түгелдей қайырымдылыққа, яғни мұқтаж жандарға үлестіріледі. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен Qurban2020.muftyat.kz сайты іске қосылады. Бұл жөнінде діни басқарманың ресми сайтында хабарланды.