Спорт кешені енді стационар емес

Спорт кешені енді стационар емес

Естеріңізге салсақ, қалада ЖРВИ мен пневмониядан  ауырғандар санының күрт өсуіне байланысты қала әкімдігі 15 күн бұрын спорт кешенінен күндізгі стационар ашқан  болатын. Стационарда  алғашқы бірнеше  күнде 500-ден 700-ге дейін тұрғын емделді.  Бүгінде  қалада эпидемиологиялық  жағдай тұрақтала  бастады. Сондықтан соңғы бес күн ішінде стационарға келушілердің саны күніне  25 адамға дейін  азайды,  яғни күнделікті стационарға әр емханадан екі-үш емделуші келді. Сондай-ақ  емханалар  жа­нындағы күндізгі ста­ционарларда қосымша төсек-орындардың ашылуына байланысты аталған спорт кешеніндегі стационар қызметіне жүгіну қажеттілігі төмендеді. Осы себепті қала әкімдігімен жеңіл атлетика аренасындағы  күндізгі ста­ционардың жұмысын тоқтата тұру туралы шешім қабылданды. Бүгінде спорт кешенінде тиісті дезинфекциялық  тазарту  жұмыстары жүргізіліп, ондағы бірқатар жабдық  емханаларға берілді. Айта кетейік, жұ­мыс кестесіне сәйкес кү­ні­не сағат 08.00-20.00 ара­лығында қаланың барлық  емханаларынан келген 50-ден астам медицина қызметкерлері медициналық көмек көрсетті.  

Назгүл  НАЗАРБЕК, Шымкент қаласы