"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының" бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалды

"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының" бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалды

"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының" бұрынғы басшылығы қор қаражатын ұрлады деген күдікке ілінді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-департаменттің ага тергеушісі Қайсар Баржақсынов хабарлады.

«Сатып алынатын қызметтердің құнын көтеру арқылы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-ның қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жариялауға жатпайды», - деді ол брифингте.
Еске сала кетсек,  10 шілдеде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов қызметінен босатылған болатын.