Екі жігіт суға секіріп өлмекші болған қызды құтқарып қалды

Екі жігіт суға секіріп өлмекші болған қызды құтқарып қалды

Оқиға бүгін, 17 шілде күні кешкі сағат 19.10-да болған. Нұр-Сұлтан қаласындағы Тұлпар көпірінен қыз секіріп кеткен.  Жақын маңда  өтіп бара жатқан екі жігіт қыздың көпірден секіргенін көріп, оны құтқармақшы болған. Сол жердің құтқарушылары келгенше, әлгі жігіттер судан қызды алып шыққан. Бойжеткен есінен талып қалған

Ол құтқару станциясына бірден жеткізілді. Жедел жәрдем келгенге дейін қызға психологиялық және медициналық көмек көрсетілді. "2002 жылғы бойжеткеннің жағдайы қанағаттанарлық. Ол №2 қалалық ауруханада», - деді Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД баспасөз қызметі.
Қызды құтқарған жігіттер - 1993 жылғы Азат Көшербаев. Ол - би мұғалімі. Ал оның құрдасы Михаил Чижик - инженер.