25 миллион теңге айыппұл салынды

25 миллион теңге айыппұл салынды

Түркістан облысында жүк көліктеріне қатысты рейд шаралары өтуде. Мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық жасағандарға 25 миллион теңгеге жуық сомада айыппұл салынды.

Түркістан облысының көлік­тік бақылау инспекциясы мен Түркістан облысының полиция департаменті, Түркістан облы­сы­ның жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бас­қар­масының ұйымдастыруымен облыс аумағындағы жолдарға тұрақты түрде рейдтік шаралар жүргізілуде.

Іс-шара барысында 1 157 әкім­шілік құқықбұзушылыққа іс қозғалды, нәтижесінде, 24 мил­лион 891 мың теңге со­масын­да айыппұл салынды. Оның 22 мил­лион 956 мың теңгесі өндірілген.

Рейдтік іс-шаралардың ба­сым көпшілігі Төрткөл-Арыс ба­ғытында инертті материал­дарды (құм, тас, құмды шағал тас және т.б) тасымалдау және Бадам-Сарыағаш бағытындағы жолдарда жеміс-жидек тасымалы мен айналысатын транзиттік кө­ліктерге қатысты жүріп жатыр. Сон­дай-ақ жүк көліктердің ось­ке түсіретін салмағын ретке кел­тіру үшін облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында рейдтік шаралар жүргізіліп жатыр.

 

Түркістан облысы