Түркістан облысы мен Өзбекстанның туристік өкілдері арасында 10-нан астам келісімге қол қойылып, бірлескен туристік маршруттар ұйымдастыру келісілді. Сондай-ақ Ташкент қаласында «Сузук-ота» қолөнер шеберлері орталығы және Бұқара қаласында «Базори корд» темір ұсталар мен «Пойи калон» тоқыма шеберлер орталығымен бірқатар келісімге келді.
Айта кетейік, Түркістан облысының әкімдігі Өзбекстан Републикасының туризмді дамыту жөніндегі мемлекеттік комитетінің қолдауымен Ташкент және Бұқара қалаларында Өзбекстандағы Қазақстан жылы аясында Road show ұйымдастырылды.
Іс-шараға туризм саласындағы мемлекеттік мекеме өкілдері және 70-тен астам туристік ұйымдар қатысты. Онда Түркістан облысының туристік әлеуеті таныстырылып, Өзбекстанның туристік өкілдері зор қызығушылық танытты. Нәтижесінде, туристік ұйымдар арасында 10-нан астам келісімге қол қойылып, бірлескен туристік маршруттар ұйымдастыруға келісті.
Сондай-ақ облыс делегациясы Ташкент қаласында «Сузук-ота» қолөнер шеберлері орталығы және Бұқара қаласында «Базори корд» темір ұсталар мен «Пойи калон» тоқыма шеберлер орталығы жұмыстарымен танысып бірқатар келісімге келді.
«Сузук-ота» қолөнер шеберлері орталығы 5 гектар аумақта орналасқан. 2017 жылы құрылысы басталып, 2019 жылдың мамыр айында пайдалануға берілді. Орталықта 30-дан астам шеберхана жұмыс істейді. Негізгі бағыты – ағаш өңдеу және ағаш бұйымдарын жасау. «Сузук-ота» тарихта Қожа Ахмет Ясауидың ең сүйікті немересі болған. Ал «Базори корд» темір ұсталар мен «Пойи калон» тоқыма шеберлер орталығында 100-ден астам шебер орналасқан.
Түркістан облысы