Қабылдауға партия аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Ахметова, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы К.Төреқұлов және БАҚ өкілдері қатысты. Кездесу кезінде аудан тұрғындары Мамлякат Исмаилова мен Тұрсынкүл Күздібаева Б.Момышұлы ауылы Б.Үсенов атындағы көшенің бас жағындағы үйлерге ауызсу жетпей отырғанын айтып, мәселені аяқсыз қалдырмауды сұрады.
Тұрғындардың сауалына «Жуалы су» мекемесінің басшысы жауап берді. Ол өз кезегінде көшеге 2018 жылы ауызсудың тартылғанын айтты. Алайда жоғарыдағы арыз иелерінің тұрғын үйлері жаңадан салынғаннан кейін жалпы жүйеге қосылмай қалыпты. Енді бұл үйлерге ауызсу тарту жоспарға енгізіліп, апта соңына дейін мәселе оң шешімін табатын болды.
Қазіргі кезде Жуалы ауданында ауызсу тұтынушылардың саны 4 235 адамға жеткен. Биыл тағы 1 000-нан аса адамды ауызсумен қамту жоспарланып отыр. Бүгінде бұл жоспардың 57 пайызы орындалды. Сондай-ақ, ауданда арнайы суды үнемдеу мақсатында ауызсу қолданушыларға су есептегіш құралдары орнатылып жатыр. Жалпы аудан бойынша 1 240 үйге есептегіш құрал қойылған.
Аудандық филиал жанындағы қоғамдық қабылдау бөлмесіндегілер тұрғындар орталыққа өздерін толғандырған мәселелері бойынша өтініш-талаптарымен келетінін, олардың кей талаптары бойынша түсіндіру жұмыстары да жүргізіліп отыратынын айтады. Алдағы уақытта ауылдық округтерде де қабылдаулар өткізу жоспарда тұр дейді шараны ұйымдастырушылар.
Жамбыл облысы