Түркістан облысының көліктік бақылау инспекциясы мен Түркістан облысының полиция департаменті, Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ұйымдастыруымен облыс аумағындағы жолдарға тұрақты түрде рейдтік шаралар жүргізілуде.
Іс-шара барысында 1 157 әкімшілік құқықбұзушылыққа іс қозғалды, нәтижесінде, 24 миллион 891 мың теңге сомасында айыппұл салынды. Оның 22 миллион 956 мың теңгесі өндірілген.
Рейдтік іс-шаралардың басым көпшілігі Төрткөл-Арыс бағытында инертті материалдарды (құм, тас, құмды шағал тас және т.б) тасымалдау және Бадам-Сарыағаш бағытындағы жолдарда жеміс-жидек тасымалы мен айналысатын транзиттік көліктерге қатысты жүріп жатыр. Сондай-ақ жүк көліктердің оське түсіретін салмағын ретке келтіру үшін облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында рейдтік шаралар жүргізіліп жатыр.
Түркістан облысы