Президент мәйітханалар мен жерлеу қызметіндегі сорақылықтарды жөнге келтіруді тапсырды

Президент мәйітханалар мен жерлеу қызметіндегі сорақылықтарды жөнге келтіруді тапсырды

Кейбір пысықтар пайда табу үшін барлық адамгершілік қағидаттарды аттап өтіп, халықты алдау мен бопсалаудан тайынбай отыр. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  коронавирус инфекциясының таралуына қарсы күрес мәселелері бойынша селекторлық отырыста айтты. Президент мәйітханалар мен жерлеу қызметінде де сорақы тірліктер барын айтты. – Соңғы екі аптада мәйітті тасымалдау және жерлеу үшін төленетін ақы қатты өсіп кеткен. Мұны көпшіліктің қалтасы көтере бермейді. Әкімдерге бір күн ішінде «жерлеуден жемтік іздегендерді» жөнге келтіруді тапсырамын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев дертке шалдығушылар санының артуы, коронавирус рейтингіне ғана емес, Қазақстанның инвестициялық ахуалына, туристік әлеуетіне және елімізге тартылатын жаңа технологияларға да кері әсер ететінін атап өтті. Үкімет барлық сын-қатерлерді жою үшін бұл жағдайды өзінің жұмыс жоспарында ескеруі керек.