Дәрігер: Адамдар антибиотикті уыстап жейді, содан кейін бізге келеді

Дәрігер: Адамдар антибиотикті уыстап жейді, содан кейін бізге келеді

Павлодарлық дәрігер адамдар өзі емделемін деп ауруханаға ауыр жағдайда түсетінін айтып шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Павлодардың №3 қалалық ауруханасының реанимация бөлімінің меңгерушісі Василий Павловтың айтуынша, антибиотиктерді қабылдай бергеннен науқастардың жағдайы одан ары нашарлайды. Бұл туралы ол Павлодар облысы әкімі Әбілқайыр Сқақовтың ауруханаға сапары кезінде айтты. Қазір қалалық аурухананың жансақтау бөліміне ауыр жағдайда түскен 19 науқас бар. "Қалада дәрі антибиотик қабылдайды.Басқаларына сезімталдық басылғанда, біз күшті антибиотиктер қолдануға мәжбүрміз, бұл медицина заңдылығы. Адамдар антибиотикті уыстап жейді, содан кейін бізге келеді", - деді Павлов.Ол сондай-ақ қала ауруханаларында ұйықтататын дәрі-дәрмектердің азайып бара жатқанын айтты. "Бізде қазір гипнотиктер аяқталғалы тұр. Бір аптадан кейін біз пациенттерге толыққанды ұйқы бере алмай қаламыз. Бұл өзгеше дәрі-дәрмек болса да қажет, қазір барлық ауруханада осындай жағдай. Пациент келіп түскен сәттен бастап және оңалтумен айналыса бастағанға дейін гиперкоагуляция жүреді, сондықтан антикоагулянттар қажет", - деді Павлов.