«Барыс-Аренада» өткен ойынды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин, Премьер-министр Асқар Мамин, Президент әкімшілігінің басшысы Қырымбек Көшербаев және Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов тамашалап, жергілікті командаға жанкүйер болды. Кездесуден кейін әлеуметтік желіде Қасым-Жомарт Кемелұлы «Барысты» сенімді жеңісімен құттықтады.
Президент twitter парақшасында «Қазақстан Президенті кубогына арналған Х шайбалы хоккей халықаралық турнирінің ашылу салтанатына қатыстым. Қазақстан, Ресей командалары қатысуда. Біздің «Барыс» қазандық «Ақ Барстан» 6:1 есебімен басым түсті. Қыркүйекте ҚХЛ-дың кезекті маусымы басталады. Алға, «Барыс!» деп жазды.