Қазір дүкендердегі ойыншықтың көптігінен көз сүрінеді. Таңдауғ¬а келгенде ата-аналардың біраз бас қатыратыны рас. Ойыншық таңдауда баланың жас ерекшелігі мен ойыншықтың сапасына аса мән бергеніңіз абзал. Өйткені биыл сарапшылар 1556 ойыншық үлгісін зерттеп, оның 60 пайызы, я¬ни 916-дан астам ойыншықтың бала денсаулығ¬ына қауіпті екенін анықтады. Тексеру барысында ойыншықтардың құрамында бала денсаулы¬ғына қауіпті түрлі зиянды заттардың бар екені белгілі болды.
Орталық коммуникациялар қызметі алаңында биылғы бірінші жартыжылдықта атқарған жұмысына есеп берген Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің мамандары осылай деп мәлімдеді.
– Зиянды ойыншықтардың басым көпшілігі Қытайдан (73,2%) және Түркиядан (26,4 %) әкелінген. Қазір 332 келіден астам ойыншық сатылымнан алынып тасталды, – дейді комитет төрайымы Людмила Бюрабекова. Ай сайын өткізілген мониторинг шеңберінде 32 мыңнан астам халық тұтынатын тағам өнімдері мен тауарлар зерттеліп, оның 19,6 пайызы техникалық регламент талаптарына сәйкес болмай шыққан. Былтыр бұл көр сеткіш 28,3 пайызды құраған еді.
Зерттеу жұмысына тағам өнімдерінің барлық түрі кірген. Мәселен, сүт және ет өнімдері, құс еті, балық өнімі, кондитерлік, аспаздық және нан-тоқаш өнімдері, жемістер мен көкөністер, ішімдіктер мен алко гольсіз сусындар және т.б.
Тексеру барысында 143 ет өнім дерінің құрамында шошқа ДНҚ-сы бар екені анықталған. Алайда бұл туралы өнім қаптамасында жазылмағаны белгілі болды. Шошқа ДНҚ-сының кө бі импорттық өнімдерден анық талып отыр. Олар: жаппай жартылай фабрикаттар, шұжық өнімдері және ет консервілері. Сонымен қатар мониторинг шеңберінде сауда объектілерінде фальсификацияланған сары май, шұжық өнімдері, ет қалбырлары мен басқа да тағам өнімдерін өткізу деректері анықталған. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қа уіпсіздігін бақылау комитетінің мамандары «қазір бұл өнімдер сатылымнан алынып тасталды. Ішкі нарықта қауіпті өнім жоқ» деп сендірді.
– Биыл бірінші жарты жылдықта анықталған заңбұзушылық деректері бойынша, 1000-нан астам есептік жазылым беріліп, 38 миллионнан астам сомада айыппұл салынды. 16 миллион теңгеден асатын сомадағы 29 тонна қауіпті тағам өнімі айналымнан алынып тасталды, – дейді комитет төрайымы.
Комитет барлық дәрі-дәрмек бағаларын реттеу, дәрілерді рецепт арқылы босату шараларын күшейту және фальсификаттармен күресу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгеріс енгізді. Бұл сапалы дәрі-дәрмектің халыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету ге мүмкіндік береді. Ал бағаларға реттеу енгізу республ иканың бүкіл өңіріндегі баға саясатына жол ашады.
Айта кету керек, өткен жылы Елбасы Жолдауындағы тапсырма бойынша құрылған Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің са пасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің жұмысы денсаулық саласындағы заңбұзушылыққа жол бермеу, ел азаматтарының денсаулығын қорғау мақса тын да ғы алдын алу шараларына ба ғытталған. Ол 22 орталық аппа рат басқармасынан, 18 аумақтық департаменттен және 232 аудан дық, сондай-ақ 2 ведомстволық бағынысты ұйымнан тұрады. Комитеттің Ұлттық сараптау орталығы 16 филиалға, 183 қалалық және аудандық бөлімшеге иелік етіп, республиканың бүкіл аумағын қамтиды. Орталықтың 7 мыңға жуық маманы еліміз бойынша ай сайын 7,2 млн зерттеу жүргізіп, аспаптық өл шеу өткізеді.
Эльмира ЖАҚСЫБАЙҚЫЗЫ