Шымкентте Nur Otan партиясы Шымкент қалалық филиалы мен Шымкент қаласының Adilet group заң консультанттар палатасы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.
Меморандумның мақсаты – азаматтық қоғамның экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтары мен бостандықтарын іске асыру, сонымен қатар мәдени-ағарту, спорт-сауықтыру жұмыстарын жүргізу.
Іс-шара барысында Шымкент қаласының Adilet group заң консультанттар палатасының төрағасы Ілиясбек Жүнісов азаматтарға заң аясында көмек беру мәселесі туралы айтты.
– Біз Nur Otan партиясы Шымкент қалалық филиалымен бірлесе отырып заң және құқық бойынша жұмысты жүйелі түрде жүргізетін боламыз. Осы бағытта азаматтардың құқықтық мүддесін дер кезінде қорғап, оларға қолдау білдіруіміз керек. Заң консультанттар палатасының тарапынан әлеуметтік жағдайы төмен тұлғаларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға тегін кеңес береміз. Бұдан да басқа ұсыныстар болса, меморандум бойынша жұмыс жасауға дайынбыз, – деді ол.
Жиын соңында Қазақстанның «Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңы, «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заң, Азаматтық процестік кодекс шеңберінде меморандум жасасты.