Келген аппараттар ауруханаларға екі апта ішінде таратылады. Кәсіпкер Сырымбек Тау Instagram-дағы парақшасында: «Бір істі бастасам, аяғына жеткізгенше жаным жай таппайды. Соны ертерек бітірудің бар амалын қарап, тездетуге тырысамын сол. Бұл жолы, міне, оттегі концентраторларына керек қаражатты жинау мен әкелуді «Шұғыла» қорымен бірге атқарып жатырмыз. Сіз боп, біз боп 4000 аппаратқа тапсырыс бергенбіз. Ақшаны жинау бар, әлгі аппараттардың құжатын реттеу бар, олар жеткен соң ауруханаларға үлестіру, жеткізудің қамы бар – осы жұмыстарды команда боп жайғап жатырмыз. Шынымды айтсам, өзімнің кәсібім бөлек, мына вируспен ауырып тұрғаным қосылып, бәрін бірге алып жүру оңай соғып жатқан жоқ. Дегенмен, бастама көтердік пе? Аяғына дейін жеткіземіз, Алла қаласа деп тездетуге жүгіріп жүрміз. Бұйырса, бірінші рейспен Қытайдан 543 аппарат келді. Ал 26 шілде күні екінші рейсіміз жетеді. Одан кейін бес күннен соң үшінші, тағы бес күннен кейін төртінші рейспен 4000 аппаратымыз аман жетсе деп отырмыз. Осылайша, екі аптаның ішінде бәрін таратып берсек, бұйырса. Осы бастаманы қолдаған барша ағайынға Алла разы болсын! Шаршасақ та, шаруаны тездетіп шешуге қам қылу қанымызда, әйтеуір», – деп жазды. https://www.instagram.com/p/CC9chNEJLZQ/?utm_source=ig_web_copy_link