Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев УЕФА суперкубогын табыстаған Әли Тұрғанбековке жылы лебіз білдірді.
Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында: «Жас қазақстандық Әли Тұрғанбеков УЕФА суперкубогы үшін «Ливерпуль» мен «Челси» арасында өткен матчтың жеңімпазын марапаттау салтанатына қатысты. Әли, сенің мақсатқа жету жолындағы күш-жігерің әлемде талай адамды алға жетелейді. Барлық армандарың орындалсын!», – деп жазды.