«Nur Otan» партиясы Маятас ауылының тұрғындарына жаңа көпір салып береді

«Nur Otan» партиясы Маятас ауылының тұрғындарына жаңа көпір салып береді

«Nur Otan» партиясына Еңбекші ауданының тұрғыны тозығы жеткен көпірден қатынау қауіпті екенін айтып, жаңа көпір салып беруін  сұрап хабарласты. Маятас тұрғын алабында 1976 жылы салынған көпірдің тозығы жетіп, тұрғындарға қиындық тудырған, жүк көліктерінің өтуіне қауіп төндірген. «Nur Otan» партиясы Еңбекші аудандық филиалының мұрындық болуымен Маятас тұрғын алабында көпірдің құрылысы басталды. Құрылыс жұмыстарын  Шымкент қалалық көлік және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен «ЖБИ - С» ЖШС жүргізуде.  Көпірдің көлемі 540 шарлшы метр.  Көпір салуға 159 млн теңге қаржы қарастырылған. Биыл желтоқсан айында құрылыс жұмыстары  аяқталып, көпір қолданысқа беріледі  деп жоспарланып отыр. Маятас елді мекенінің тұрғыны Ашетов Батырхан өз атынан және Маятас тұрғындардың атынан  «Nur Otan» партиясы Еңбекші аудандық филиалының  төрағасына алғысын білдірді.