Тұранның тарихымен танысты

Тұранның тарихымен танысты

Түркістанды тамашалауға әлемнің 10-нан астам мемле­кетінен журналистер келді. Тұран даласының тарихымен танысуды мақсат тұтып, тарихи топыраққа табан тіреген 20-ға жуық шетелдік БАҚ өкілі алдымен Арыстанбаб кесенесіне саяхат жасады. Арыс­танбаб кесенесіндегі көне жәдігердің архитектуралық ерек­шелігі мен тарихи мән-маңызы журналистердің қызы­ғушылығын оятып, таң-тамаша етті.

Шетелдік меймандар мұнан кейін «Отырар» мемлекеттік археологиялық қо­рық-музейі мен көне Отырар қала­шы­ғын аралап, орталық қорындағы тарихи жә­ді­гер­лермен танысты. Экскурсиядан соң шет­елдік қонақтар арнайы жайылған дас­тарқандағы ұлттық тағамдардан дәм татты.

Журналистер аялдаған келесі орын – Түр­кістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі бол­ды. Түркі әлемінің рухани астанасы са­на­латын Түркістан шаһарының бай та­ри­хымен танысқан баспасөз-турының қа­тысушылары, Әзірет Сұлтан мем­ле­кет­тік тарихи-мәдени мұражай-қорығын да аралады.

Айта кетейік, Елбасының «Рухани жаң­ғыру» бағдарламасының «Жаһандағы за­манауи қазақстандық мәдениет» жо­басын халықаралық деңгейде ілгерілету шең­берінде өткен «мәдени» баспасөз-ту­рын Қазақстан Республикасы Сыртқы іс­тер министрлігі мен Түркістан облысы әкім­дігі ұйымдастырды. Еліміздің сыртқы сая­сатын және бейбітшілік пен тату көр­шілік саясатын белсенді жүргізу мақ­са­тын­да Сыртқы істер министрлігінің ұйыт­қы болуымен еліміздің әр аймағында шет­елдік тілшілердің баспасөз-турлары тұрақты түрде өткізіледі.

«Жаһандық әлемдегі қазіргі қазақ­стан­дық мәдениет» жобасы шеңберінде өтіп жат­қан баспасөз туры туризмді да­мытуға жә­не жалпы Қазақстанның дамып ке­ле жат­қан мемлекет ретіндегі оң имид­жін қа­лып­тастыруға атсалысары анық.

 

Түркістан облысы