Назарбаев университетінде HPAIR – 2019 Asia Conference өтіп жатыр. Үздік студенттерге Азияның халықаралық мәселелері бойынша ашық форумға қатысуға мүмкіндік беретін 1991 жылы құрылған Гарвард университетінің Азия және халықаралық қатынастар факультетінің негізінде HPAIR жобасы ұйымдастырылған болатын. Конференция болашақ көшбасшылардың арасында ұзақмерзімді өзара байланыстарды қалыптастыруға және олардың қазіргі әлемдік көшбасшылармен өзара іс-әрекетін дамытуға бағытталған.
Конференцияның мақсаты – трансформация, санамызды өзгерту және дәстүрлі әдістерден алыстау, сонымен қатар жаңа сандық технологияларды қолдана отырып дамудың жаңа деңгейіне көшу. Осындай мәселелерді шешумен қатар, инновациялық идеяларды қалыптастыру кезінде конференцияға қатысушыларға іс-шараға шақырылған танымал және тәжірибелі спикерлер жеке көмектерін көрсетпек.
Гарвардтың HPAIR Asia Conference 2019 ұйымдастыру комитетінің атқарушы директоры Чарльз Майклдің айтуынша, көшбасшы дайындау кадр дайындаудан да маңызды.
– Ондаған жыл бойы біздің ұйым Азияның барлық жас көшбасшыларын қамтуды мақсат етті. Бұл конференцияның мақсаты – осы бағыттағы одан ары ілгерілеуге айтарлықтай қадам жасау. Орталық Азияда өтетін алғашқы HPAIR Азия конференциясынан қалмаймын. Бұл жерде барлық континенттерден келген спикерлер мен делегаттардың айтары көп. Жаңа тәжірибе мен мәдени өзара байланыстарға толы бескүндік жиынның тарихи маңызы зор, – деді Чарльз Майкл.
HPAIR Asia 2019 конференциясына әлемнің 40-тан астам елінен келген студенттер мен жас көшбасшылар белсенді атсалысуда.
Гарвард университетінің өнер және ғылым мектебі мен Назарбаев университетінің студенттері бірлесіп ұйымдастыратын конференция халықаралық бүкіл Азия-Тынық мұхиты аймағы үшін маңызды форум.
Жиын қазақстандық жастарға әлемдік масштабтағы мәселелердің шешілуіне өз үлесін қосуға теңдессіз мүмкіндік береді.
«Өзгерістерге ұмтылыс» тақырыбына топтасқан конференция аясында 6 түрлі бағыттағы семинарлар мен пленарлық сессиялар өтеді. Қамтылатын тақырыптардың әрқайсысы конференцияның негізгі тақырыбы цифрландыру немесе цифрлық түрлендіруге тікелей байланысты.
Қазақстанда биыл – Жастар жылы. Ал HPAIR Asia Conference 2019 бүкіләлемдік студенттік конференциясының өткізілуі өзінің тарихында алғаш рет осындай беделді халықаралық конференцияны Орталық Азияға және посткеңестік кеңістікке жеткізген қазақстандық жастардың білімге құштар екенін көрсетеді.