Бұл туралы боксшы өзінің Instagram парақшасында жазды. Фируза Шәріпова жекпе-жектің өтпеуін пандемиямен байланысты екенін айтты. «Достар! Ертең Минскіде менің жекпе-жегім өтуге тиіс еді. Өкінішке қарай, коронавирусқа байланысты мен Беларуське жете алмай қалдым. Оның себебі - шекараның жабық болуы. Өздеріңіз білесіздер, Қазан қаласындағы кездесу де осы себеппен кейінге қалған болатын. Бірақ мен айқасқа дайынмын. Менің командам маған Ресейден қарсылас тауып береді деп үміттенем. Бұл жайлы кейінірек хабарлаймыз. Маған орын ұсынған Suleimen Promotions промутерлік компаниясына шексіз ризашылығымды жеткізгім келеді. Алайда шекараның жабықтығына байланысты Минскідегі шараны ұйымдастыру мүмкін болмады» деп жазды Фируза Шәріпова.