Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

28 шілдеде Ақмола облысының күндіз кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет. Нұр-Сұлтан қ.: 28 шілдеде күндіз қатты жаңбыр жауады. Найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: күндіз 28 шілдеде найзағай күтіледі. 28 шілдеде Қарағанды облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр күтіледі. 28-29 шілдеде кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағанды қ.: 28 шілдеде найзағай, дауыл күтіледі, жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз 18 м/с күтіледі. Жезқазған қ.: 28 шілдеде күндіз найзағай, дауыл күтіледі, жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, 18 м/с күтіледі. 28 шілдеде түнде және таңертең Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Таңертең және күндіз солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, шаңды дауыл сақталады. Күндіз өте жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 28 шілдеде түнде және таңертең найзағай күтіледі.. 28 шілдеде Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Қостанай қ.: күндіз 28 шілдеде найзағай күтіледі. 28 шілдеде күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, шаңды дауыл, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Шымкент қ.: 28 шілдеде күндіз солтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі. Түркістан қ.: 28 шілдеде күндіз солтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі. 28 шілдеде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі. Өскемен қ.: 28 шілдеде күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Семей қ.: 28 шілдеде күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. 28 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. Петропавл қ.: күндіз 28 шілдеде найзағай күтіледі.