Қазақстанда жыл басынан бері 39 браконьерлік дерегі анықталды

Қазақстанда жыл басынан бері 39 браконьерлік дерегі анықталды

Браконьерлерден 1571 ақбөкен мүйізі мен 513 тұтас ет алынды. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

«Алғашқы жатыжылдықта мемлекеттік инспекторлар табиғатты қорғау заңнамасын бұзған 3 748 оқиғаны анықтады. Үш мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке, 12 браконьер қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бұл ретте жалпы айыппұл сомасы – 44 млн теңге, залал сомасы 1,6 млрд теңге болды», - делінген хабарламада.
Өткен жылы дәл осы кезеңде (жарты жылда) 4 197 оқиға анықталып, әкімшілік жауапкершілікке 3 335 адам, қылмыстық жауапкершілікке 19 адам тартылған. Ол кездегі жалпы айыппұл сомасы – 45,6 млн теңге, залал сомасы 870 616,2 мың теңге болған.