Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам

Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам

Елордада Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген оты­ры­сы­на Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Премьер-министр Асқар Мамин, Саяси кеңес бюросының мүшелері, Мәжіліс пен мәслихаттағы фракция өкілдері, облыстардағы филиалдардың жетекшілері қатысты.

Жиынға төрағалық еткен Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі же­тек­­ші партияның Тәуелсіздік жыл­дарын­да атқарған жұмыстарына оң баға беріп, оның барлығын халық кө­­ріп отырғанын айтты. Кеңесте күн тәр­­тібіне сәйкес партия бағдар­ла­ма­ларының орындалу барысы, партия жұмысын жаңғырту мен алдағы ке­зең­­ге арналған жұмыстың басым ба­­ғыт­тары қаралып, Саяси кеңес бюро­­сы­ның құрамына өзгерістер ен­гізу мә­се­лесі талқыланды. Отырыс барысында Елбасы барлық азаматты мемлекеттің өткір әлеуметтік-эко­номикалық проб­лемаларын шешу үшін партияға қо­сылуға шақырды. Сондай-ақ ел аймақ­тарындағы аза­маттардың проблемала­рын шешуде партияның жұмысын жан­дандыру қажетін ерекше атап өтті. Nur Otan пар­тиясының Төрағасы бі­рін­ші ке­зекте қоғамның партияға се­німін арт­тыру мақсатында ақпараттық-идео­логиялық стратегияны қабыл­дау­­дың маңызына баса назар ау­дарды.

– Бүгін біз ел дамуының негізгі ба­­ғыттары бойынша біраз мәселе ту­ралы айтатын боламыз. Партия мүше­лерінің қатысуымен Саяси кеңестің кеңейтілген отырысына жиналып отыр­мыз. Үкімет мүшелері, партияның Мә­жілістегі фракциясы, об­лыстардағы филиалдардың же­тек­шілері қатысып отыр. Биыл пар­тиямыз үшін, еліміз үшін ау­қымды жұмыс атқарылып жат­қанын біле­міз. Екі съезд өткіздік, пар­тия­мыз­дың 20 жылдығын атап өт­тік. Мау­сым айында Президент сай­лауында біз­дің кандидатымыз Қасым-Жо­март Тоқаев жеңіске жетті, – деді
жиын­ды кіріспе сөзімен ашқан Ел­басы.

Осыдан кейін партияның сай­лауал­­ды бағдарламасының жүзеге асы­рылу барысы жайында баяндама жа­саған Үкімет басшысы Асқар Ма­мин Елбасы тапсырған «Әлеу­мет­­тік қамқорлық» әлеуметтік ша­ра­­ларының қалай жүзеге асыры­лып жатқанына тоқталды.

– Сіздің тапсырмаңыз бойынша, осы жылдың 1 сәуірінен бастап АӘК кө­лемі артты. 1 шілдеден бастап бала ке­зінен мүгедек балаларды бағу үшін мем­лекеттік жәрдемақының көлемі ұлғай­ды. 1 маусымнан жалақысы аз бюд­­жет қызметкерлерінің айлығы 30 пайызға дейін көтерілді. Ал жер­гілікті атқарушы органдардағы қыз­меткер­лер­дің жалақысы 25 пайызға көбейді. «Нұрлы жер» бағдарла­масына өз­ге­ріс­тер енгізіліп, Тұрғын үй жинақ бан­­кі арқылы аз қамтылған отбасы­лар­ға жеңілдетілген несиелеу жүйесі іске қо­сылды. Бұл механизм осы жыл­дың шіл­десінде бастап іске қо­сылды, а­л­да­ғы үш жылда бұл ба­ғытта 50 млрд тең­­геден бөлінеді, – деді Асқар Ма­мин.

Оның атап өтуінше, осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап жоғары ку­рс­тар­­дағы 100 мың студент тегін түрде ЖОО-лар жанындағы кәсіпкерлік не­­­гізін оқи алады. Кәсіпкерлік бас­та­ма­ларды қолдау мақсатында мик­роне­сиелеу шығындары 83 млрд теңгеге дейін артты. Ал жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін 18 мың азаматқа 18 млрд теңге көлемінде мем­лекеттік грант бөлінеді. Аза­мат­тарды жұмыспен қамту бағ­дар­ламаларына көптеп тарту үшін Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қала­ларында 15 мобильді жұмыспен қам­ту орталығы ашылған. Жыл соңы­­на дейін ондай орталықтар тағы 15 жерде жұмысын бастайды.

Кеңесте Nur Otan партиясының Тө­ра­ғасы алдағы сайлаудың консти­туция­лық мерзімде өтетіндігін тағы бір мәрте атап өтті.

– Қазір Үкімет пен бүкіл атқару­шы би­лік білек сыбанып, Nur Otan пар­тия­сы мен жаңадан сайланған Пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқаев­тың сай­лауал­ды уәделерін орындау­ға, адам­дардың нақты проб­лема­ларын ше­шуі тиіс. Ең алдымен, өңір­лерде жұрт­­шы­лық­пен тығыз жұ­мыс істеуі қажет, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы партияның 2050 жылға дейін қабылданған бағдарламасында Қа­зақстанның дамыған 30 елдің қа­та­рына кіру мақсаты қойылғанын еске сал­ды. Индустриялық, инфрақұры­лым­дық бағдарламалар, ауыл ша­руа­шылығы, үй құрылысы, медицина, ха­лықты ағарту жұмыстары бойынша мақ­сатқа жету керек екенін баса айтты. Қа­зақстанның Тұңғыш Президенті «Сенім. Диалог. Бо­ла­шақ­қа нық қадам – Nur Otan партиясының 7 сер­піні» ат­ты партия жұмысын жүйелі жаңғырту бағдарламасын көпшілік назарына ұсынды. Атап айтқанда, Ел­басы бағ­дарламаға сәйкес партияның бел­сенді мүшелерін топтастыру, жем­қор­лықпен күресті күшейту және пар­тия­дан лайықты емес мүшелерді шы­ғару үшін тиісті шара қабылдауды, пар­тия ор­гандарының әлеуетін арт­тыру­ды, би­ліктің барлық деңгейінде пар­тиялық жауапкершілікті күшейтуді тап­сырды.

– Партияның Мәжілістегі фрак­ция­сының жұмысын барынша күшейту керек. Бұл партия міндеттерін орын­дау­дың және атқарушы органдарға ық­пал етудің негізгі тетігі. Фракцияның мәр­тебесін көтеру үшін оның жетекшісі лауазымына Мәжіліс төрағасы Нығ­ма­туллин Нұрлан Зайроллаұлын сайлауды ұсынамын. Ол Мәжілістің спикері ре­тінде алға қойылған мақсаттарға қол жет­кізу және фракция жұмысын қайта жан­дандыру үшін барлық ресурсты жұ­мылдыра алады, – деді Елбасы.

Сонымен қатар партия Төрағасы ха­лықпен нақты жұмыс істеу қағидатын енгізуді, қарқынды ақпараттық-идео­ло­гиялық жұмысты ұйымдастыруды жә­не партия төңірегіне жастарды бірік­тіру үшін тиісті шара қабылдау керек еке­нін баса айтты.

– Қазіргі таңда «жаңа» медиа са­ла­сын­да шындыққа жанаспайтын ақ­парат таратушы арналар көбейіп ке­ле­ді. Жергілікті, қарапайым мәселелер рес­публикалық деңгейге дейін кө­те­рілу­де. Қоғамдық санада жалған түсінік қа­лыптасуда. Nur Otan өзінің ақпарат­тық стратегиясын түбегейлі қайта қа­рауы қажет. Партияның бұқаралық ақ­парат құралдары объективті және же­дел ақпарат көздеріне айналып, ха­лықтың сеніміне ие болуға тиіс, – деді Nur Otan партиясының Төрағасы.

Нұрсұлтан Назарбаев партияның жү­зеге асырып отырған сәтті жоба­ла­ры­на оң бағасын беріп, олардың ішінде «Ардагерлерді ардақтайық» секілді игілікті жобалардың да бар екенін тілге тиек етті. Сондай-ақ кеңес отырысында «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларының маңызы да ай­тылды.

– Көпбалалы аналар үшін «Бақытты от­басы» деген орталықтар ашылуда. Олар­ды көбейтіп, жұмысын жүргізу керек. Осындай тәжірибелерді жаппай ен­гізген жөн. Мәселен, «Мирас» қо­ғам­дық кеңесінің әлеуетін пайдаланып, зиялы қауымды рухани мәселелерді шешуге жұмылдыру керек. Зиялы қауым дегеніміз «мен жа­зушымын не­месе композитормын» деп, тек сынау­ме­н ғана отыруы керек пе? Зиялы қауым – халықтың алдында жүре­тін, жол көрсететін бастаушысы болуы керек, – деді Елбасы.

Отырыс барысында Партия Саяси кеңесі Бюросының жаңа мүшелері ре­тінде «Егемен Қазақстан» респуб­ли­ка­лық газетінің басқарма төрағасы Дар­хан Қыдырәлі және Jas Otan Жастар қа­на­тының көшбасшысы Дәулет Кә­рібек сайланды. Ұсынысты партия­лас­тар бірауыздан қолдады.


Нұрсұлтан Назарбаев әкімдердің пар­тиялық жұмысына көңілі тол­май­тынын айтып, барлық деңгейдегі әкім­дерге партия жұмысына апта, ай сайын көңіл бөліп, беделін арттырып отыру қажеттігін ескертті. Министрлер мен әкім­дерді проблемаларды жасырмауға ша­қырды.

Елбасы шағын проблемаларды же­дел шешу қажеттігіне назар аударды. – Адамдарды өміріндегі ең кішкентай мә­селелер толғандырады. Мәселен, су жоқ. Бұл әкім үшін деңгей емес қой, иә? Сумен айналысудың қажеті қанша? Ал адамдар үшін – бұл өмірінің мәні. Ауыл­да жол жоқ. Бұл ол үшін – өмірі, ал біздер үшін – болмашы нәрсе. Біздер жаһандық мәселелерге құлаш сер­мейміз. Сондықтан адамдарға жақын болуымыз керек. Партияның қоғамдық қабылдаулары жұмыс істеуі тиіс, – деді Н.Назарбаев.

Елбасы жиында сондай-ақ, мәжіліс пен мәслихат депутаттары арасында жас­тар көбірек болуы керегін мәлім етті.

– Партия өзінің жас буынына қа­шан да зор көңіл бөліп келеді. Төрт жыл бұрын 2020 жылға дейінгі «Жастар Отан­ға» деген бағдарламаны қабыл­да­ған болатынбыз. Биылғы жыл Жастар жылы деп жарияланды. Алайда, қолдау шаралары жеткілікті дәрежеде күткен нәтижені берген жоқ. Шешілмеген сұрақтар көбейіп кетті. Жемқорлық, бас­­пана мәселесі, жұмысқа тұру – пар­тия бұл мәселелердің барлығын на­за­рына алуы тиіс, – деді ол.

Кеңес отырысында келешегі жоқ ауыл­­дар туралы да әңгіме қозғалды. Бұл орайда болашағы жоқ ауылдардың тұр­ғындарын келешегі зор елдімекендерге көшірген жөн екенін тілге тиек етті. Әсіресе бұл мәселе бойынша үлкен бюд­­­жет қаражаты келешегі жоқ елді­ме­кендерді ұстауға жұмсалатынын, оның өнімсіз екеніне тоқталды.

Партия Төрағасы өз кезегінде «Бо­ла­шақ» бағдарламасы бойынша оқып келгендерге де мүмкіндік беру керегін айту барысында бір кездері «Болашақ» бойынша оқу бітіріп келгендер жаппай облыстарға тарап, еңбек еткенін еске алды.

– Болашақ» қауымдастығында үл­кен әлеует бар. Қауымдастық қазіргі таң­­да 10 мың адамды біріктіріп отыр. Бә­­рін де бір кездері мемлекет оқуға жі­­берді. Ал қазір ата-аналар балаларын шет­елде оқытуға одан ары құмар. Бү­гінгі таңда Қазақстан сыртында біздің 60 мыңға тарта отандасымыз оқып жа­тыр. Тіпті, одан да көп болуы мүмкін. Ре­сейдің өзінде ғана – 16 мың. Олар ке­ліп, жұмысын істейді. Олармен жұ­мыс­ты жалғастыру керек. Олар аудан жә­не облыс әкімдерінің орынбасары бол­ды. Неліктен бұл жұмыс тоқтап қал­ды? Міне, мәселен, біз оқуға жібер­ген­дердің бірі – Алтай Көлгінов. Ке­зінде біз оны арнайы оқуға жібердік, ал бүгін ол қала басшылығында отыр. Осын­д­ай азаматтар көп. Бәрін не үшін дайындадық? Қазір отырып алып, орын­дықты бергіміз келмейді. Олар­дың жақсырақ жұмыс істейтінін көріп отырмыз. Әйтпесе, бір жерге тоқтап, да­мымай қаламыз. Сол себепті, келесі жыл­дың көктемінде өтетін Jas Otan съезінде білімді жастарды жұмыл­дыруды талқылауды ұсынамын – деді Тұңғыш Президент.

Жалпы, Nur Otan партиясы Саяси кеңе­сінің кеңейтілген отырысында бір­қатар көпшілікті алаңдататын кө­кейтесті мәселелер талқыланып, кем­шіліктер сараланды. Тұңғыш Пре­зи­дент Нұрсұлтан Назарбаев жаңа жоба­лар­ды тиімді жүзеге асырудың және Үкімет пен Nur Otan партиясының ал­ды­на қойылған міндеттердің маңы­зына тоқталып, бағдарламаны жүзеге асыру тетіктерін бекіту жайлы партия аппаратына бірқатар тапсырма жүктеді.


Нұртөре ЖҮСІП,
Сенат депутаты:

– Саяси кеңес­тің кеңейтілген оты­­­­­рысында еліміз­дегі ең өзекті мәсе­ле­­лер талқыланды. Ел­­басы нақты мін­дет­­терді белгілеп бер­ді. Оның ішінде 2050 жылға дейінгі аралықта біз әлемдегі ең озық 30 елдің қатарына қосылу деген ұлттық міндет бар. Сол жолда қазақ қоғамының, тәуел­­сіз елдің бағыт-бағдары деген мә­селелерге нақты жауаптар алдық. Соның ішінде қоғамның ашықтығы: қиындықтарды, түйткілді мәселелерді бүкпесіз ашық айту және шешу мін­деттелді. Ауылға, жастарға, кә­сіп­кер­лікке және өзге көптеген не­гізгі мә­селелерге қатысты әңгімелер ашық айтылды. Ұсыныстар да ес­керілді. Партияның бастауыш ұйым­дары­ның жұмысын жандандыру, депу­таттық корпустың жұмысын осы за­манға сай үйлестіру, осының барлығы үлкен өзгерістерге сай болу дегенді біл­діреді. Сол бағытта ұйымшылдықпен еңбек еткен жөн. Сенім орнығу үшін диа­лог керек, ал диалог дәйекті болу үшін болашақпен байланыс берік бол­ғаны дұрыс. Қорыта айтқанда, осы мақ­сатта қабылданар нақты шешімдердің уа­қыты келді деп ойлаймын.

 

Нұржан ӘЛТАЕВ,
Мәжіліс депутаты:

– Nur Otan пар­тиясының Төра­ғасы Нұрсұлтан Назарбаевтың же­тек­шілігімен өткен Саяси кеңестің кеңейтілген отыры­сында ең өзекті деген мәселелер кө­терілді. Осы орайда Nur Otan партиясы өте белсенді, алдыңғы қатарлы қоғам­дық күштердің біріне айналуы керек. Біз енді биліктің партиясы болған­дық­тан жүктелер міндет пен жауап­кер­ші­лік те жоғары.

Цифрландыру заманында әртүрлі озық технологиялардың мүмкіндігін пайдалана білгеніміз жөн. Осы ретте мә­­жіліске келгелі бері өзімнің онлайн қа­былдау бөлімімді аштым. Сол ар­қылы әр аймақтың тұрғындары ха­бар­ласып, түрлі мәселелер бойынша өті­ніш-тілектерін жолдады. Мұның бір артықшылығы тұрғындар мәселелерін айту үшін Нұр-Сұлтанға келмей-ақ, он­лайн ресурстар арқылы жазбаша жа­зып жі­береді. Біз өз кезегімізде бар­лық мәсе­лелерді қарап, тұрғындар сұра­ғы­на жауап беруге, мәселелерінің оң ше­­ші­мін табуына ықпал етеміз.

 

Ибадулла ҚҰТТЫҚОЖАЕВ,
Nur Otan партиясы Қызылорда облыстық 
мәслихаттағы фракция жетекшісі:

– Партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Саяси кеңестің кеңейтілген отырысында жергілікті жерлердегі, мәслихаттағы депутаттық фракцияның жұмысын күшейту қажеттігін атап өтті. Шын мәнінде қазіргі қоғамдағы сын-қатерлердің алдын алуда, оны ең­серу­де, қабылданған бағдарламалардың орын­далуын, жергілікті жерлердегі тұр­ғындарды толғандыратын мәсе­лелерді шешуде фракция мүшелері өздерінің қажыр-қайратын таныту қажет. Сондай-ақ халықтың арасына жиі барып, олармен түрлі кездесулер, қабылдаулар өткізу, түрлі шараларды, көш­пелі отырыстарды өткізу бұл ха­лық пен партияның жақындығын біл­діреді. Бұл жерде фракция мүшелері бел­сенділік танытып отыр. Олар
Nur Otan партиясының халықтық пар­тия екенін көрсетуге атсалысады деген ой­дамын. Өйткені партияның алдына қой­ған мақсаты – халықтың тұрмыс­тық жағдайын жақсарту, әл-ауқатын арттыру. Осы бағытта барлық жергілікті жер­лердегі маслихат депутаттары ал­дарына қойған міндеттерін жоғары дең­гейде орындайтынына сенемін.

 

Лаура ДЕМЕСІНОВА,
«Болашақ» қауымдас­тығының 
атқарушы директоры: 

– Елбасы Н. Назарбаев­тың тө­рағалығымен өткен Nur Otan партиясы Сая­си кеңесінің кеңейтілген оты­ры­сында маңызды мәселелер талқыланып, өзек­ті ойлар ортаға салынды. Жиында Елбасы өңір әкімдеріне Ұлт жоспарын, қабылдаған әлеуметтік міндеттемелерді тиімді орын­дау, жұмыспен қамту және ха­лық­тың мұң-мұқтажына уақытылы назар аудару, сондай-ақ жергілікті жер­лерде идеоло­гиялық жұмыстарды жақ­сарту жөнінде бірқатар міндеттер жүк­теді. Кеңесі отырысының қорытындысы бойынша әр саланың басшыларына тап­сырмалар берілді. Бұл орайда «Бо­ла­шақ» қауым­дастығы, «Болашақ» түлек­тері де Елба­сының барлық бастамасын қолдап, оны жүзеге асыру үшін бірлесе жұ­мыс ат­қаратын болады.

   

Ғалиасқар САРЫБАЕВ,
Алматы облыстық филиалы 
төрағасының бірінші орынбасары:

– Бүгінгі шарада пар­тияның жаң­ғыр­ту жұмыстары қарал­ды. Соған байла­нысты Елбасының тап­сырмасы бойын­ша біз халық пен би­ліктің арасындағы ал­тын көпірге ай­налуымыз керек. Әрқа­шан бірігіп жұмыс істеуіміз қажет. Қа­рапайым халықтың мүддесінен шығуға тырысамыз. Соны­мен қатар партияның стратегиясын жаңа бағытқа бағыттай отырып партия ұйым­дарының жұмысын алға шығарамыз. Се­бебі өздеріңіз біле­сіздер, кез келген пар­тияның негізін құрай­тын ұйым – Бастауыш партиялар. Бастауыш партия ұйымдарының жетек­шілері халықпен тіке­лей жұмыс істейді. Сол бағыттағы жұ­мыстарды жүргіземіз. Сонымен қатар қарапайым халықтың құ­қығын қорғау үшін жұмыла әрекет етеміз. Сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша біздің арнайы комиссиялар бар. Солардың қызметін жандандырамыз. Себебі сы­байлас жемқорлықты түбімен жоймасақ та, алдын алу шараларын жүр­гізу маңыз­ды. Сонымен қатар өздеріңіз білесіздер партияның қоғамдық қабыл­даулары бар. Қоғамдық қабылдауларға тұрғындар шешілмеген мәселелері бойын­ша жиі хабарласады. Партия жар­ғысына сәйкес жергілікті атқарушы ор­ган­дарға өзіміздің ықпалымызды жүр­гіземіз. Сол ықпалды халықтың әлеу­метін арттыру үшін, жағдайын жақсарту мақсатында іске асыратын боламыз.

Сондай-ақ кеңесте көтерілген мәсе­лелердің бірі – жастар мәселесі. Елбасы 2019 жылды – Жастар жылы деп бекітті. Бұл олар үшін үлкен мүмкіндік. Ел бола­шағы жастардың қолында. Біз алдағы уақытта жастармен жұмысты күшейтетін боламыз. Сөз соңында айтпағым, әрбір партия мүшесі өзіне жүктелген міндетті жоғары деңгейде атқарып, партияның жаңғырту жұмыстарына өз үлестерін қосады деген сенімдемін.

    

Дәулет КӘРІБЕК,
Jas Otan Жастар қанатының төрағасы:

– Жастар – Nur Otan партиясы сая­сатының ажыра­мас бір бөлігі. Сон­дық­­тан да қазіргі таң­да пар­тия жанынан құрылған Jas Otan Жас­тар қанатының жұмысы белсенді, қызу түрде жүргізілуде. Алдағы уақытта жас­тарға арналған партия тарапынан әлеу­­меттік лифтілердің жұмыс істеуі қолға алынады. Одан бөлек шығар­ма­шыл, та­лант­ты, өз мәселелерінің ше­ші­мін тап­пақшы болып жүрген, тұлғалық да­муға көңіл бөлетін жастардың бар­лы­ғына қол­дау көрсету жұмысы жаңа дең­гейде жүзеге асады.

Ең бірінші ауыл жастарымен бірлесе жұмыс істеу, одан бөлек мәслихаттарда жас­тардың үлесін көтеру арқылы жастар мә­селесін шешуге жастардың өзін тіке­лей тарту өте дұрыс шешім. Бұл пар­тияның ілгерілеуіне жол ашып, жас­тар­дың өзін көрсетуіне де үлкен мүмкіндік бол­мақ.