Пайдасы мол қарқынды жоба

Пайдасы мол қарқынды жоба

Елімізде «Нұрлы жол» бағдарламасы қолға алынғанда, тек алысты жақындататын жол құрылысы туралы айтылмай, жұмыссыздықпен күрес, баспанамен қамтамасыз ету, отандық кәсіпкерлерді қолдау сынды мәселелер де шешімін табатыны туралы айтылды. Осы жоба арқасында аталмыш мәселелер оң шешімін табуда.

Айта кету керек, 2015-2019 жылға дейін жоспарланған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағ­дарламасы 2025 жылға дейін ұзартылатын болды. Бұл жо­баның жемісі десек те болады. «Қарқынды жобаның мемле­кетке түсірген кірісі мен елге тигізген пайдасы көп. Көлік инфрақұрылымы жақсарып, республикалық автомобиль жолдары, магистральдық те­міржол желілері мен логис­тикалық инфрақұрылымның өткізу қабілеті арта түсті. Өткен жылы көлік қызметтері 4,6%, еңбек өнімділігі 3,4%-ға өсті. Тек республикалық қана емес, ауылды жерлерге де сапалы асфальт төселеді», – деген болатын наурыз айында өткен «Нұрлы жол» бағдарламасының бірінші кезеңін қорытын­ды­лаған Үкімет отырысында Ин­дустрия және инфрақұры­лымдық даму министрі Роман Скляр.

Бағдарлама іске асқалы 8 мың шақырым асфальт тө­селіпті. Семей мен Қостанай әуежайының ұшу-қону жолағы жаңартылып, 928 шақырым теміржол жөнделген. Қазіргі таңда бұл жолдардың игілігін халық көріп отыр. Сонымен қатар «Нұрлы жол» аясында ­су мен жылу да берілді. Наурыздағы есеп бойынша 3 259 шақырым жылу және су тарту желілері, сондай-ақ 24 қазандық салынып, тат ба­сып, шіріп жатқан біраз құбыр жаңарған болатын. «Су тарту жұмыстары әлі де жүргізіледі. Енді алдағы 5 жылда қала хал­қы 100% орталықтандырыл­ған су жүйесімен қамтылады. Ауыл­ды жерлерге таза ауызсу тарту жұмыстары жалғаса­ды», – деді өз сөзінде Премьер-министр Асқар Мамин.

Жобаның орындалуы ту­ралы айта келе, Асқар Мамин: «Бағдарламаның аса маңызды міндеті – халықтың тұрмыс сапасын арттыру. Жаңа жолдар салу жүк тасымалдау кезінде бизнес үшін көліктік шығын­дарды кемінде 15%-ға қысқар­туға мүмкіндік береді. Жалпы «Нұрлы жол» бағдарламасының орны ерекше. Өткен жылдың өзінде ғана 86 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Биыл тағы 54 мың жұмыс орнын ашу жоспарда бар. Бағдарламаны іске асыру елдің көлік әлеуетіне үлкен серпін берді. Өткен жылда транзиттен түскен кіріс 1,5 млрд долларды құрады.

Миллиардтарға салынған жолдан миллиардтаған доллар пайда түсті. «Нұрлы жол» жол­дан ғана емес, басқа да саладан мемлекетке кіріс әкеледі. Әуелдегі түп мақсат та осы: халыққа сапалы жол, сапалы инфрақұрылым тарту. Бағдар­ламаның бірінші кезеңі сәтті аяқталды. Былтыр бөлінген 437,2 млрд теңге толық иге­рілді. Биыл бөлінетін қаржы бұдан 20% көп» – деді А. Мамин.

Осы бағдарлама аясындағы атқарылған көлемді жұмыс­тарға материалдар мен жаб­дықтар, сондай-ақ жылу мен сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғырту, реконс­трукциялау және салу кезінде отандық тауар өндірушілерді тартудың қолға алынуы бо­латын. Олардың қатарында 25 тауар өндіруші, оның ішінде: 13 құбыр өнімдерін, 3 қазандық жабдықты, 6 ілмекті-реттегіш арматура, 1 сорғы жабдығын шы­ғарушы зауыттар және 2 су­ды тазалау технологиясы бо­йынша зауыттар тартылған. Бұл сонымен қатар ағымдағы өндірістің ауқымын арттырып, жаңа жұмыс орында­рымен қамтамасыз етеді. Әрі кә­сіп­керлікке қолдау көрсету екені белгілі.

Нақтылап айтсақ елімізде тұрғын үй құрылысы қарқын алып, әлеуметтік нысандар жетіспеушілігінің азайғаны, көлік-логистикалық инфра­құ­рылымының дами түсуі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұр­лы жол – болашаққа бас­тар жол» Жолдауының арқа­сында жолға қойылған ау­қымды шаралардың тағы бір көрінісі.

Маусым айында өткен Үкімет отырысында Р.Скляр: «2020-2025 жылдарға арналған үш негізгі мемлекеттік бағдар­ламаны: «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» және ИИДМБ әзірлеп, қабылдау қажет. Қазір барлық үш бағдарлама әзірленген, келісу сатысында», – деген болатын. Оның айтуынша, «Нұрлы жол» жаңа мемлекеттік бағдарламасымен республи­калық маңызы бар 11 мың шақырым жолды жөндеу және 7 мың шақырымға қайта жөн­деу жұмыстарын жүргізу жос­парланып отыр, 12 мың ша­қырымда ақылы жол енгізіледі. Барлық жұмыстардың түрлері (жөндеу, құрылыс және қайта жаңарту) 30 мың шақырым жергілікті жолдарда жүргізіледі.

Осылайша, 2025 жылға дейін жақсы және қанағатта­нар­лық жағдайдағы респуб­ликалық маңызы бар жолдар­дың үлесі 100%-ға дейін, жер­гілікті маңызы бар жолдардың үлесі 95%-ға дейін жеткізіледі.

«Елбасының тапсырмасы бойынша өткен жылы жергі­лікті автожол желісін жөндеуге және реконструкциялауға барлық қаржы көздерінен 150 млрд теңге бөлінді. Биыл бұл сан 200 млрд теңгеге дейін жеткізілді. 2025 жылға дейін бұл қаржы мөлшері сақталады. Сондықтан бұл бізге аудандық және облыстық маңызы бар жолдардың 95%-ның жай-күйін жақсартуға мүмкіндік береді», – деді министр. Со­нымен қатар «Нұрлы жол» бағ­дарламасында 10 әуежай, тер­минал, 16 жергілікті әуе же­ лісі аэродромдарын салу және қайта жөндеу, 3 мың шақы­рым­ға жуық магистралды те­міржол желісін жаңғырту қарастырылады.

Ал «Нұрлы жер» бағдар­ла­масы аясында көпбалалы отба­сылардың тұрғын үй мәселесін шешу үшін 7 жыл ішінде арен­далық баспана салуға және алу­ға 350 млрд теңге қарасты­рыл­ған (жыл сайын 50 млрд тең­геден). Бұл 2025 жылға де­йін жылына – 6 мың, жалпы саны 40 мың арендалық бас­пана салуға жол ашады.


Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ