Еуропа елдерінде коронавирус эпидемиясының екінші толқыны басталды. Қазір кей мемлекеттерде карантин шаралары қайта күшейтіліп жатыр, - деп жазады 24.kz. Ұлыбританияда барлардың бірі індет ошағына айналды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, сақтық шараларын ескермейтін жастар аймақтағы ахуалды ушықтыруы мүмкін. Ал Перуде вирус жұқтырғандар саны 400 мыңға таяп қалды. Қазір індет шағын қалалар мен аудандарда күшейіп барады. Ауруханалар лық толып, медициналық құрал-жабдықтар жетіспей жатыр. Ресми мәліметке сәйкес, Перуде коронавирустан 18 мың адам көз жұмған. Алайда мамандар құрбандар саны әлдеқайда көп екенін айтады. "Біздің есебімізше, эпидемия басталғалы бері 43 мыңдай адам қайтыс болды. Дені COVID-19-дан көз жұмды. 18 мыңының коронавируске тапсырған тесті оң нәтиже берді", - деп жазды Перудің денсаулық сақтау министрі Пилар Мацетти. АҚШ-та да індет әлі де дес бермей тұр. Бұл мамыр айынан бергі ең жоғары көрсеткіш. Қазір елдің алты бірдей штатында вирус жылдам тарап барады.