Moody's рейтингі

Moody's рейтингі

Moody's Investors Service (Moody's) жергілікті және шетелдік валютадағы Қазақстан Үкіметі эмитентінің ұзақмерзімді рейтингін Baa3 деңгейінде анықтап, оның болжамын «тұрақтыдан» «жағымдыға» өзгертті.

Сондай-ақ шетелдік валютадағы кепілсіз борыштық рейтингтер мен ортамерзімді ноталар да Baa3 және (P) Baa3 деңгейінде анықталды.

Moody's пікірінше, рейтинг бол­жамының «жағымдыға» өзгеруі Қа­зақстан экономикасының стресс­ке тұрақтылығының артуын байқатып отыр. Оған түрлі саладағы табыстың артуы да септігін тигізуде. Оған қоса, экономикалық рефор­ма­лардың перспективасы, бюджет ре­зервін ұтымды және тиімді бас­қара алу қабілеті Қазақстанның не­сиелік мүмкіндігінің одан ары артып, бұдан да жоғары көрсеткішке қол жеткізе алу қабілетінің барын көрсеткен.

Қазақстан рейтингінің Baa3 дең­гейінде анықталуы Үкімет ак­тивтері мен пассивтерінің тұрақты тепе-теңдігін көрсетті. Бұл төмен қарыз жүктемесі және ауқымды бюд­жет резервімен, мұнай нары­ғындағы ұзақмерзімді тұрақтылық көрсеткішімен, институционалды қабілеттіліктің өсуімен расталған.

Айта кетерлігі, Қазақстан үшін ұлттық валютадағы ұзақмерзімді облигация мен депозит рейтингінің жоғарғы шегі әлі де Baa1 деңгейінде. Ал шетел валютасындағы облигация мен депозит бойынша ұзақмерзімді рейтингтің жоғары шегінде өзгеріс жоқ. Сонымен қатар шетел валю­тасындағы облигация мен депозит бойынша қысқамерзімді рей­тингтердің жоғары шегі P-2 және P-3 деңгейінде қалған.

Аталып өткен барлық көрсеткіш елде тіркелген өзге де шаруашылық жүргізуші субъектілердің обли­га­цияларына жатқызылуы мүмкін.

 

Маржан ЕРТІС