Коронавируспен ауырғандардың санын азайтуға үлес қосқандардың бірі – Баянауыл ауданы Майқайың кентінің тұрғыны Алма Мырзабайқызы.
Ол Күркелі ауылдық округіне қарасты Жарылғап ауылындағы барлық 25 үйге пандемия кезіндегі қажетті дәрі-дәрмектерді (парацетамол, ацетил қышқылы, түрлі дәрумендер, хлоргексидин, сутегінің асқын тотығы, бетперде т.б.) өз қаражатына алып, тегін таратты. Ratel.kz жазуынша, Алма Мырзабайқызының шағын дәріханасы бар. Белгілі болғандай, ол осыған дейін жергілікті мектепке де қажетті құрал-жабдықтар алып берген. Осындай қиын кезеңде көмек көрсеткен жомарт жанға ауыл тұрғындары дән риза. Өйткені шалғайдағы ауылға қажетті дәрі-дәрмектердің жетуі оңай емес.
Фото: Ratel.kz