«Ливерпуль» өзінің үздік шабуылшысын 200 млн еуроға бағалайды
Ағылшындық «Ливерпуль» клубы мысырлық шабуылшы Мұхамед Салахты сатуға дайын.
Қазіргі таңда футболшыға Еуропаның бірқатар топ-клубтары, оның ішінде әсіресе «Реал» қызығушылық танытуда. 27 жастағы футболшы осы маусым басталғалы бері бес матчқа қатысып, 3 гол соқты және 1 нәтижелі пас берді.
«Ливерпуль» өзінің үздік шабуылшысын 200 млн еуроға мадридтік клубты сатқысы келеді. Ол бұған дейін мысырлық «Мокавлун», швейцариялық «Базель», ағылшындық «Челси», италиялық «Фиорентина» және «Рома» клубтарында өнер көрсетті. 2017 жылы «Ливерпульге» ауысып 104 матчта 71 гол соққан. Клубпен бірге 2018/19 жылғы маусымда Чемпиондар лигасын жеңіп алды.