Бейруттағы жарылыс: Көз жұмғандар саны 78-ге жетті

Бейруттағы жарылыс: Көз жұмғандар саны 78-ге жетті

Бейруттағы кемежайда болған жарылыстан көз жұмғандар саны 78 адамға жетті, 4 мыңнан астам адам жарақат алды, деп хабарлады  "Аль-Джазира" телеарнасы  Ливанның денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Бұл ретте Ливан билігі қаза тапқандар саны бұдан көп болады деп күтуде, өйткені көп адамдар із-түзсіз жоғалған,  қираған ғимараттар астынан адамдардың мәйіті іздестірілуде.
Қатты жарылыс Бейруттағы кемежайда сейсенбіде кешке болды. Қаладғы ғимараттардың жартысы зақымданды, аурухпналар зардап шеккендерге толы.
Ливанда қайғылы оқиғаға байланысты үшкүндік аза тұту жарияланды. Ел президенті Мишель Аун үкіметке елде екі апталық төтенше жағдай енгізу үшін шұғыл кеңес өткізуге жиналуды сұрады.