Солтүстік Қазақстан облысы Тоқшын ауылында ірі қара мал тері ауруына шалдықты.
Бүгінде ауру тек тоғыз сиырда тіркелген.
Оның өзі жұрт шулағандай дерматит емес екен.
Әкімдік індеттің жаппай таралуын жоққа шығарды. Ал Облыстық ветеринарлар тұрғындарды дүрлікпеуге шақырып отыр.«Сиырлар терінің қабынуы ауруына шалдыққан. Қазір Тоқшын елдекенінде мал дәрігерлері жағдайды күнделікті бақылап отыр. Әр үйдің малына дертке қарсы вакцина егілді», - дейді СҚО Ветеринария басқармасы басшысының міндетін атқарушы Берік Әлжанов.