XXI ғасырда дүниеге келгендер 150 жасқа дейін өмір сүреді екен.
Әлемдегі ең кәрі адам атанып, рекорд жасаған француз екен. Есімі - Жанна Кальма.
Ол үш ғасыр өмір сүріп, 1997 жылы 122 жасында дүниеден өткен. Өмірінің соңғы 12 жылын қарттар үйінде өткізіп, сонда қайтыс болған.
Онда да ол салауатты өмір салтын ұстанбаған екен. Өмірінің 97 жылын темекі тартумен өткізген. Сондағысы күніне 2 шылымнан шегіп тұрған. Соған қарамастан, ол әлемнің ең үлкен қарты атанған.
Осы мысалға қарап-ақ, шынымен адам 150 жас жасай ма деген ой келеді. Мұны Магкилл университетінің биолог-профессоры Зигфрид Хеккими да қуаттайды. Оның мәлімдеуінше, XXI ғасырда дүниеге келгендердің кейбірі ешқандай күш салмай-ақ 150 жас жасауы мүмкін. Себебі, заман дамыған сайын адамның өмір сүруіне қолайлы жағдай жасалуда.
Кім біледі, бәріне уақыт төреші. Дегенмен, соңғы кезде адамның өмір сүруі жылдан жылға ұзарып келеді. Бұған медицинаның дамуы, әлеуметтік жағдайдың жақсарғаны әсер еткені құпия емес.
Өйткені, адам жаратылған заманда кәріліктің шыңы - 30 жас болған екен. Кейін ортағасырда кәріліктің жасы 33-ке көтерілген. Бір қызығы, осы статистика XIX ғасырға дейін жалғасқан.
Бірақ қалай жаңа технологиялар шығып, ғылым дами бастағанда, бірден адамның өмір сүру ұзақтығы өскен. Мәселен, Европа елдерінде кәріліктің жасы 34 жастан 65 жасқа бірден секірген.