Танымал жоғары санатты педиатр-дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Евгений Комаровский коронавирустан қорғайтын ең тиімді тәсіл - бөлмені желдету деп есептейді.
«Әр адам қандай жерде вирус көп жиналатынын білуі керек. Ол адам ауырып жатқан және ауа тар жер болуы мүмкін. Мұны түсінген адам көп сұрақтың жауабын өзі табады. Егер орман, саябақ, көше бойында келе жатсаңыз, кең ауада вирус жойылып кетеді. Ауырған адам сізге жақын тұрса, ауырып қалуыңыз мүмкін. Егер бөлме іші желдетілмесе, тіптен қауіпті», - дейді ол.Коморовскийдің пікірінше, коронавирусқа қарсы ең тиімді тәсіл - бөлмені желдету.
«Бөлмені жиі желдетіп отыру керек. Ең ғажайып дәрі - желдету. Адамдар арасындағы қашықтықты ұлғайтып, ауа алмасуды қамтамасыз ету керек. Маска тағуға қарағанда осы әдіс тиімдірек. Үйде қамалып отырасыз немесе бөлмені желдетіп отырасыз. Қазақстандықтар осыны түсінуі керек», - дейді дәрігер.