Лотереядан миллион ұтқан азамат, әлі такси жүргізеді екен. Бұл жайында Pıter.TV хабарлайды.
Ол – Ұлыбританиядағы Ноттингем қаласының тұрғыны.Өзі дүкенге сүт алуға барған. Бірақ сүттің бағасын көріп, қымбатсынған британдық 2 лотерей сатып ала салған. Кешкісін, жеңімпаз атанып, үлкен ақшаға жүлделі болғанын түсінген.
– Ертеңінде лотерейге қызым істейтін гүл сататын дүкеннен хабарластық. Бір-екі сұрақ қойып, нақ өзім екенін анықтады. Содан кейін қоңыраудың ар жағынан «Рис, мырза, құтты болсын! Сіз миллионерсіз! – дейді миллионер.
Қызығы сол, таксист аяқасты байыса да, жұмысын тастамаған.