Қытайға зығыр таситын кәсіпорындар анықталды

Қытайға зығыр таситын кәсіпорындар анықталды

Осылайша, қазіргі уақытта 103 зығыр тұқымын өндіруші (оның 78-і ҚР АШМ кепілдігімен) және бидай ұнын өндіретін 94 компанияның (64-і ҚР АШМ кепілдігімен) өз өнімдерін Қытайға экспорттауға құқығы бар.

«Былтыр Қытайда өткен «Бір белдеу, бір жол» халықаралық ынтымақтастық форумы барысында бидай ұнының экспорттық партияларына қойылатын фитосанитарлық талаптар жөніндегі хаттамаға, ал Мемлекет басшысының Бейжіңге сапары аясында Қазақстаннан Қытайға экспортталатын зығыр тұқымына қойылатын фитосанитарлық талаптар жөніндегі хаттамаға қол қойылған болатын. Құжаттарға қол қойылғаннан кейін қытай тарапы экспорт құқығы бар кәсіпорындардың тізіліміне бидай ұны мен зығыр тұқымын өндіретін 55 компанияны енгізді. Хаттамалар қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге өнімді жеңілдетілген тәртіппен экспорттау құқығын береді» делінген министрліктің хабарламасында.