Алматыда эпидемиологиялық ахуал жақсарып келеді - Бекшин

Алматыда эпидемиологиялық ахуал жақсарып келеді - Бекшин

Алматы қаласының мемлекеттік бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қалада эпидемиологиялық ахуал жақсарып келе жатқанын айтты.

«Қазір Алматыда эпидемиологиялық жағдай жақсарды. Обективті түрде қарайтын болсақ күнделікті өсу көрсеткіші 1 айдың ішінде 4,2 пайыздан 1,4%-ға төмендеген. Вирус жұқтырудың төмендеуіне қалада жүргізіліп жатқан алдын алу жұмыстары септігін тигізді. Одан бөлек қатаң шектеу шаралары енгізілген еді», – дейді Жандарбек Бекшин.
2020 жылдың 7 тамыздағы жағдай бойынша Алматы қаласында коронавирус инфекцияна қатысты 12 997 жағдай тіркелді, оның 7 897-сі симптомды, 5110 симтомсыз.