Оның клубтасы үздік қақпашы атанды
УЕФА нұсқасы бойынша өткен маусымның үздік футболшысы атағын «Ливерпуль» клубының қорғаушысы Вирджил Ван Дейк жеңіп алды.
Ол жыл футболшысы атағына таласта Роналду мен Мессиді басып озды. Ван Дейк өткен маусымда 28 матчқа қатысып, 2 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген және «Ливерпульмен» бірге Чемпиондар лигасын жеңіп алды. Ал әйелдер арасындағы үздік футболшы атағы Нидерланды құрамасының ойыншысы Люси Бронзға бұйырды.
Сондай-ақ үздік қақпашы – Алиссон (Ливерпуль) атанса, «Аякстан» каталониялық «Барселонаға» ауысқан Фрэнки де Йонг – үздік жартылай қорғаушы, ал Лионель Месси – үздік шабуылшысы атағына ие болды.
Сонымен қатар спортқа қосқан ерен үлесі үшін «Манчес тер Юнайтед» клубының аңыз ойыншысы Эрик Кантона УЕФА Президентінің сыйлығын алды.
https://youtu.be/C23CbUMea_U