Петропавлда Nur Otan партиясының Солтүстік Қазақстан филиалы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Талқылауда депутаттық фракциялар мен бастауыш партия ұйымдарының мүшелері депутаттық корпустың жұмысын күшейту, бастауыш партия ұйымдарының рөлін арттыру, партиялық жауапкершілік және белсенді ақпараттық саясатты жүргізу мәселелеріне тоқталды.
Партия өңірлік филиалының төрағасы, облыс әкімі Құмар Ақсақалов облыстық партия ұйымының сапалы жұмысы үшін, бірінші кезекте, партияның белсенді мүшелерін шоғырландырып, БПҰ әлеуетін күшейту қажеттігін айтты.
– Бізге белсенді партиялықтарды шоғырландыру бойынша шаралар қабылдау қажет. Олар қол қусырып қарап отырмай, әділдікке жақ болып, халықтың мүддесін қорғайды. Біздің жерлестеріміздің арасында олар бар екеніне сенімдімін. Топтастыру бойынша жұмыс бастауыш партия ұйымынан басталады, партиядағы формалды түрде мүшелікті жою бойынша жұмысты күшейту қажет, – деп атап өтті Құмар Ақсақалов.
Саяси кеңесте мәслихаттардағы депутаттық фракциялардың рөлін арттыру мәселесі де талқыланды. Құмар Ақсақалов атап өткендей, фракцияларға, ең алдымен, партия Төрағасының тапсырмаларын, Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын және Қазақстан Президентінің сайлау алдындағы бағдарламасын орындауға күш-жігер жұмсауы тиіс екенін атап өтті. Ол сонымен қатар депутаттық фракциялар жергілікті жерлерде белсенді еместігін, проблемадан өзін-өзі алып қашатынын, халықпен кездесулер өткізбейтінін тілге тиек етті.
Жиында фракциялар жұмысының тиімділігін арттыру үшін партияның өңірлік филиалының төрағасы мәслихат депутаттарын бағалау критерийлерін жасау бастамасын ұсынды. Өлшемдер сайлау алдындағы уәделердің орындалуын, халықпен кездесулердің санын, шешілген мәселелердің санын және есеп беру кездесулері барысында белсенділік танытуы тиіс.
Саяси кеңесте, соңдай-ақ лауазымды тұлғалардың партиялық жауапкершілігі, партиялық жобаларды жүзеге асыру бойынша жұмысты жандандыру, жастарды қолдау және партиялықтардың интернет кеңістікке шығу мәселелерін талқылады. Құмар Ақсақалов өз кезегінде партиялықтарды БАҚ пен әлеуметтік желілерде белсенді болуға шақырды. Осылайша, партия халықтың сенімін арттыру үшін объективті және сенімді ақпарат көзіне айналуы тиіс.