Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс коронавирус пандемиясының қашан аяқталатынын айтты. Бұл туралы ол Wired басылымына берген сұхбатында баяндады. Оның айтуынша, коронавирус пандемиясы екі жарым жылдан кейін аяқталады.
Гейтстің пікірінше, пандемия экономикаға триллиондаған доллар көлемінде шығын келтірген, оның ішінде вакцина әзірлеуге кеткен инвестициялар да бар. Оның айтуынша, коронавирусқа қарсы препарат Қытай мен Ресейде сынақтан жақсы өтіп жатыр, алайда Билл және Мелинда Гейтстің қорына вакцинаны тестілеуден өткізуге 3-4 жыл көлемінде уақыт қажет.