32 жастағы футболшы карьерасын «Ақтөбе-Жас» командасында бастаған
Алматылық «Қайрат» клубының бұрынғы шабуылшысы Қанат Ахметов ендігі мансабын футзалдық «Ақтөбе» клубында жалғастырмақ.
32 жастағы футболшы карьерасын «Ақтөбе-Жас» командасында бастап, бірінші лигада сұрмергендер көшін бастаған. Одан соң «Қайрат» командасына ауысып, Қазақстан премьер-лигасында бес кездесуге қатысты.
Жалпы, бірінші лигада Ахметов 220 кездесуге қатысып, 67 гол соққан. Сондай-ақ ол үлкен футболда «Каспий», «Ақ Бұлақ», «Гефест», «Бәйтерек» клубтарының да намысын қорғаған. Футболшы кәсіби деңгейде 2015 жылдан бері доп теппеген.