Эдгар Берленги және Кемал Расселл секілді боксшылармен спарринг жасап жатыр
Орта салмақта жұдырықтасатын украиналық кәсіпқой боксшы Сергей Деревянченко 5 қазан күні Головкинге қарсы өткізетін кездесуге байланысты мәлімдеме жасады.
Ол қазір Эдгар Берленги және Кемал Расселл секілді боксшылармен спарринг жасап жатыр.
«Олар болашақ чемпиондар. Олар әр күн сайын спаррингта барын салып жұмыс істейді. Жекпе-жекке де дәл солай дайындалу керек. Бұл кездесуде жеңіске жетемін және достарым Ломаченко мен Усиктің жолын жалғаймын.
Бруклинді ерекше құрмет тұтамын, бұл менің екінші үйім. Әрине, отанымды, отбасымды, достарымды қатты сағынамын. Рингте жасап жүргенім – Украина халқы үшін. Келесі жолы үйіме чемпион болып ораламын» дейді ол.
Еске салсақ, Головкин – Деревянченко кездесуі 5 қазан күні Madison Square Garden аренасында өтеді. Олар IBF титулына таласпақ.