Жалғызбасты жандардың өсімі сонау 80-жылдары байқалған. Зерттеушілердің мәлімдеуінше, сол кездерде оқу бітірген жастардың көпшілігі жалғыз тұруға тырысқан. Осыған бой үйреніп кеткендері де бар. Оған қоса, бүгінгі заман ағымы өзгерді. Қазір біреудің біреуге күні қарап тұрған жоқ. Ер азамат пен әйелдердің бір-біріне деген қажеттілігі жойылып бара жатқандай. Себебі ел арасында тұрмысқа шықпастан сәбилі болу дендеп барады. Осы қаншалықты дұрыс, қыз-келіншектердің мұндай қадамға баруына не түрткі деген сауалымызға психолог Дана Саметова жауап берген еді.
Ал біздегі қыз-келіншектің көбі есейсе де, қиялында ертегімен өмір сүреді. Сондағы ханзаданы не болмаса қол жетпейтін бейнені бейнелеп алып, келуін күтіп жүреді. Оның арасында жүрегінің қалауын тапса да, онымен қарым-қатынасқа түсе алмайтындар тағы бар. Олар ұнайтын адамымен қалай тіл табысып, көңілін табу керегін білмейді. Ондайды ата-анасы да үйретпеген. Осындай қолайсыздықтан қысылғандықтан жалғыз қалып жатады.– Жер бетін жалғыздық дендеп барады деген рас па? Ол жөнінде не айта алсыз? – Цифрлы технология дамып, интернет пайда болғалы адамдардың жападан жалғыз қалуы сезілуде. Алайда жалғызбасты жандардың өсімі сонау 80-жылдары байқалған. Зерттеушілердің мәлімдеуінше, сол кездерде оқу бітірген жастардың көпшілігі жалғыз тұруға тырысқан. Оқуын бітіріп, жұмыс істеп жүргенде өзімен-өзі жүргенге бой үйреніп кетеді. Ондайда отбасын құруға немесе отбасылы болуға құлқы жойылады. Бұл жерде өзін-өзі жалғыз сезіну мен жалғызбасты тұратындардың аражігін ажыратып алу керек. [caption id="attachment_64388" align="alignnone" > ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Мәселен, жалғызбасты адам болса да араласатын ортасы, сырласатын достары, ағайын-туғаннан шыға алмай жатады. Олар өздерін жалғызбын деп есептемейді. Енді бірі отбасы не жары бар болса да, іштей жалғыз екенін сезінеді. Негізі, жалғыздықтың ауқымы кең, сондықтан оны жан-жақты қарастыру қажет. Соның арасынан психотерапевтің көмегіне жүгінетін де мәселелер шығуы мүмкін. Осы жолы жылдар бойы ешкіммен ешқандай қарым-қатынасқа түспей, жападан жалғыз тұратын жандардың мәселесін қарастырайық. Бүгінде олардың саны жылдан-жылға өсіп келеді. Мысалы, АҚШ-та әрбір бесінші азамат жалғызбасты. Бұрын бұл қатарға егде жастағылар ғана болса, қазір олардың қатарын 35 жасқа дейінгілер де толықтыруда. – Осыдан құтылудың жолы бар ма? Ол үшін не істеу керек? – Өмірдің ағымын тоқтату қиынның қиыны-ау. Қалай тұрамын десе де, әр адамның өз еркі. Біреуге бірдеңе айтып, шектеу қоя алмайсың. О дегенің таңдау құқығына қол сұққанмен тең. Бұрын ер адамдар күйбең тірліктегі күнделікті қажеттіліктің орнын толтыру үшін үйленген. Мысалы, тамағын дайындау, киімін жуып, үтіктеу. Үйдің тірлігін жүргізуге біреу қажет еді. Ал әйелдерге үйін әперетін, тамағы мен киімін тауып беретін азамат керек болды. Осы күні заман өзгерді. Ешкім-ешкімге күні қарап тұрған жоқ. Қазір адамдар біреудің көмегіне жүгінбей-ақ қажеттіліктерін өздері өтей алуда. Сондай жандардың бірі отбасын құрудан қашып, еркіндігін жоғалтқысы келмейді. [caption id="attachment_64389" align="alignnone" > ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Екінші тобы – отбасылы болғысы келеді, бірақ оған қадам жасауға іштегі үрейден бата алмайды. Оларға көмектесе аласың. Мәселен, отбасылық өмірге деген позитивті оятатын көңілді киноларды көрген дұрыс. Біздің арналарда ерлі-зайыптының сөзге келіп, жаға ұстасып жатқаны, қол көтеруі жиі көрсетіледі. Міне, осыны көрген жастар саналы түрде отбасылы болудан қашады. Қыз-келіншектер мұндай жүйеден құтыла алмайтынын түсініп, қандай да бір қарым-қатынасқа түсуден аяқ тартады. Осындай қолдан жасалған апаннан шыға алмай жатқан жас қаншама?!