Қытайдан шыққан тағы бір аса қауіпті SFTS (Эс-Эф-Ти-Эс) вирусының жаңа белгілері анықталды, - деп хабарлады 24.kz. Иммунолог дәрігерлердің айтуынша, дерт жұқтырғандар алдымен безгек қысқандай ауыруы мүмкін. Ал дене қызуы бірден 39 градусқа көтеріліп, бас ауруы пайда болады. Сырқат дел-сал күйге түсіп, қанындағы тромбоциттар мөлшері күрт азайып кетеді. Ресейлік мамандар бұл вирусқа қарсы «Ингавирин» препаратын қолдануға болады деген пікірде. Қазір Қытайда 60 адам осы ауруға шалдыққан. Жетеуі ауру шеңгелінен құтыла алмай, жан тапсырды. Жалпы Эс-Эф-Ти-Эс вирусы әлемде алғаш рет 2011 жылы анықталған. Мұнан кейін белгі бермеген. Белгілісі, ауру адамға кенеден жұғады, ал науқастан сау адамға қан немесе сілекей арқылы таралады.