Министрдің туған ағасына қатысты сот процесі басталды

Министрдің туған ағасына қатысты сот процесі басталды

Жамбыл облысы Еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының экс-басшысы Тимуржан Нұрымбетов 9 миллион пара алды деп айыпталып, сәуір айында қамауға алынған. Көп ұзамай қызметінен босатылды. Ресми таратылған мәліметтерде экс-шенеуніктің жергілікті қоғамдық бірлестік жетекшісі арқылы ақша жымқырмақ болғаны айтылған. Басқарманың тек бір ұйыммен етене жақын жұмыс істеуі күдік туғызған. Бұл бірлестік осы жылдың өзінде 86 миллионға мемлекеттік тапсырыс алыпты. Қаражаттың бәрі бір көзден алынып, ешқандай конкурс өткізілмеген. Басты күдіктінің сыбайласы ретінде тағы бес адам тартылып отыр. Оның біреуі – 9 миллионды алып жатқанда ұсталған делдал. Алғашқы сот процесі онлайн түрде өтті. Судья сыбайластардың бесеуіне қатысты өндіріске алынған істі тоқтатуға, не қысқартуға негіз жоқ деген шешім шығарған. Келесі сот отырыс 17 тамызға белгіленді.