Кешеден бері 51 мың кәсіпкер жұмысын бастап, шамамен 200 мың қызметкер жұмысқа шықты. Жұмысын бастағысы келген кәсіпкерлер «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына InfoKazakhstan порталы арқылы өтініш бере алады.
«Қазіргі таңда осы InfoKazakhstan электронды платформасында электрондық қолтаңбасын бекіткен уақыттан бастап бүкіл құжаттарын қабылдағаннан кейін автоматты түрде 10 секунд ішінде электрондық паспорт поштасына түседі. Кәсіпкерлер бұл процедураны толтыру үшін 10-15 минутқана уақыт кетеді», – деді Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов.Мұндай инновациялық шешімнің уақыт үнемдеуде пайдасы зор. Алайда сауда орны немесе қызмет көрсету мекемесі рұқсат алғаннан кейін карантин талаптарын толығымен сақтау керек. Мамандар азаматтар әр қадамына жауапкершілікпен қарағаны абзал екенін айтады.