Ауа райы бұзылып, бұршақ жауады

Ауа райы бұзылып, бұршақ жауады

Синоптиктер кей жерлерде тұман түсіп, найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауатынын ескертті.


Синоптиктер ауа райының бұзылуына байланысты ескерту жариялады. Бұл жайында «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлайды. 

Олардың мәлімдеуінше, 11 қыркүйек күндіз Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде нөсер жаңбыр жауады.12 қыркүйек түнде кей жерлерде қатты жауын-шашын қарға ұласады. Енді бір жерлерде тұман түсіп, найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ жауады.

 11 қыркүйекте Өскемен қаласында күн күркіреп, күндіз бұршақ жауады. Ал Қызылорда облысында cолтүстіктен және солтүстік-шығыстан соққан желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с болады.